ДИКТОР: Облыста «WorldSkills Aqmola-2025» аймақтық чемпионаты жалғасуда. Осы аптада аймақтағы 8 колледжде 48 құзыреттілік бойынша жарыстар өтуде. Бүінгі таңда 300-ге жуық жас маман өздерінің кәсіби шеберліктері мен таланттарын көрсетуге жиналды.

РКС: Чемпионаттың бірінші күні «Дәнекерлеу құзыреттілігі» санаты бойынша өтті. Облыстың түкпір-түкпірінен келген 9 студент Көкшетау жоғары техникалық колледжінде бақтарын сынауда.

СНХ: ДАНИЛ БЕЛОВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бәрі жақсы өтті. Мен барлық тоқтату нүктелерін қойып шықтым. Ешқандай қателер, шағымдар болған жоқ, бәрі ойдағыдай өтті. Сарапшылар барлығын тексеріп, өлшейді. Мен дәнекерлеуді жасадым, дәнекерлеудің соңында бәрін тазалап, оны шығарып, мамандарға тексертіп, ары қарай жұмысымызды жалғастырамыз. Менің жұмысымның соңында аздаған саңылау болды, сондықтан мен оны тазалап, қайта жасауыма тура келді. Бәрін толықтай орындай алдым. Аяқтағанымда, менде әлі 40 минут уақыт қалды.

РКС: WorldSkills Aqmola - халықаралық қозғалыстың бір бөлігі ғана. Оның мақсаты – жұмысшы мамандықтарын танымал ету және мамандарды даярлау стандарттарын жақсарту.

СНХ: ДМИТРИЙ БЛИНОВ, ДӘНЕКЕРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Бізге оқуға келген жігіттер өндірістік оқуға кірісіп, осы мамандықты меңгерген кезде қызығушылық танытады. Өйткені, дәнекерлеу ісі сұранысқа ие мамандық. Жігіттер өндіріске келгенде белгілі бір жұмыспен айналысады, жұмыс беруші оларға еңбекақы төлейді, тіпті тәжірибе кезінде де оларға жалақы төленеді.

РКС: Қатысушылар арасынан үздіктерді анықтау 200-ден астам сарапшыға жүктелген. Қазір сылау және сәндік-қолданбалы жұмыс мамандығы бойынша 4 студент бақ сынауда.

СНХ: ГҮЛБАРШЫН СЕЙІТОВА, САРАПШЫ: Қатысушылардың жұмыстарын арнайы критерийілер белгіленген. Арнайы стандарттарға байланысты сарапшылар бірігіп, қатысушылардың жұмыстарын модуль бойынша жеке-жеке бағалайды. Бұл мамандыққа жалпы, жастар көп келе бермейтін. Бірақ қазір осы Уорлд Скилс байқауының арқасында оқушыдардың қызығушылығы артып келе жатыр деп ойлаймын.

РКС: Айта кетейік, биыл облыс чемпионатына жаңа құзіреттіліктер қосылды. Бұл «Сән дизайны», «Зоотенхия», «Бизнес-процестерді автоматтандыру» және тағы да бірнеше құзыреттілік бар. Сондай-ақ «AbilympicsSkills» бойынша жарыстар да қосылды. Сонымен қатар облыста бірқатар мамандық бойынша облысаралық байқаулар өткізілуде.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ