ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау және сот органдарының міндеті тек қана жазалау емес, сонымен қатар қылмыстың алдын алу қажет екенін әрдайым ескертіп келеді. Құқық бұзушылардың мінез-құлқына ерекше талаптар қою - қайталанған заңсыздықтардың алдын алуға және адамды заңға бағынатын өмірге қайта бейімдеуге бағытталған негізгі тетіктің бірі.
РКС: Мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптар тыйым салу ғана емес, сонымен бірге мінез-құлқы алаңдататын адамдарды "әлеуметтік сүзгіден" өткізудің бір түрі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 54-бабына сәйкес, сот құқық бұзушының жәбірленушілермен байланысын шектей алады. Атап айтсақ, отбасылық жанжал кезінде бірге тұруға, ішімдік ішуге, қару ұстауға, белгілі бір орындарға баруға да тыйым сала алады.
СНХ: ДӘУРЕН ЛАМАШӘРІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Мұндай шаралар бәріне бірдей қолданылмайды. Негізінен мінез-құлқы жоғары әлеуметтік қауіп төндіретін және заңсыздықтарды қайталауының жоғары ықтималдығын куәландыратын адамдарға қатысты қолданылады. Арнайы талаптарды қолдану қарапайым жазадан мінез-құлықты түзетуге баса назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, құқық бұзушы қоғамға аса қауіп төндірмейтін, бірақ бақылау мен көмекке мұқтаж болған кезде өзекті.
РКС: Бұл шаралардың тиімділігі әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған қалалық соттың үлгісінде байқалады. 2022 жылы 108 азаматқа қатысты ерекше талаптар қойылса, былтыр 181-ге жетті.
СНХ: ДӘУРЕН ЛАМАШӘРІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Осыдан үш дыл бұрын 4 мыңнан астам іс қаралды. Ал 2023 жылы әкімшілік істердің саны 5 мыңға таяды. Соның 136-сына ерекше талап қолданылды. Былтыр бұл көрсеткіш біршама төмендеді. 4,5 мыңға жуық іс келіп түсті.
РКС: Арнайы талаптарды қолдану сот жүйесіндегі жүктемені біршама азайтып, азаматтардың сенімін нығайтады және қоғамның қауіпсіз болуына ықпал етеді. Алдағы уақытта жастармен профилактикалық жұмысты күшейтіп, бақылаудың жаңа үлгісін енгізу көзделіп отыр. Сонымен қатар мамандар заңнаманы жетілдіруді де жоспарлап отырғандарын жеткізді.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ