ДИКТОР: Көкшетау қаласында осымен екінші жыл қатарынан «Ақылды ана» форумы ұйымдастырылды. Басты мақсат, ана денсаулығы, бала тәрбиесі, салауатты отбасын қалыптастыру. Отбасы институтын нығайту. Биылғы формуның өзгешелігі неде? Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.

РКС: «Ақылды ана». Осындай атаумен аналарға арналып форум өтті. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз – ата-ана. Мейірімділік, әдептілік, адамгершілік пен еңбекқорлық қасиеттер баланың бойына үлкендердің үлгісімен сіңеді. Десе де қазір баласымен сырласып, ашық сөйлесе алмайтын аналардың қатары көбейіп келе жатқаны өкінішті. Сонымен қатар отбасы саулығы бірінші орында. Былтыр аталған форумға 100-ге тарта ана қатысса,биыл олардың саны 200-ге жуық.

СНХ:ЖАНАР НҰРҒОЖИНА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Форумның аясында бәріне бақытты балалық шақ деген фото кһрмесін ұйымдастырдық. Себебі әрбір бала бақытты балалық шаққа лайық деп есептейміз. Осы форумды ұйымдастыруда көптеген серіктестеріміз бар. Менің ойымша білгір де білімді аналар саналы да, сапалы тұлғаларды жасайды.

РКС: Шараға түрлі серіктестер шақырылып, әйел адам денсаулығын алдыңғы орынға қойып, аналар үшін Іnvivo-дан тегін ферритин анализін беруге мүмкіндік жасады.Сонымен қатар көрме-жәрмеңкесі, шебер-сыныптармен қатар, түрлі форматта фотоға түсуге арнайы зал ұсынылды. Форумға арнайы дәрігерлер, коучтар қатысып, білімдерімен,білгендерімен бөлісті. Сонымен қатар форумға келген аналар да отбасының бақыты мен саулығының негізін қалаудағы ана рөлі туралы толық ақпараттар алды.

STAND-UP: НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ТІЛШІ: Ана денсаулығы қазіргі таңда бірінші кезекте.Дәл осы себеппен ферритинге анализ,қан тапсыру сәтіндемін. Барлық аналарға денінің сау болғанын тілеймін.Әрине, өмірге дені сау,саналы ұрпақ келсін.

СНХ: АСЫЛЖАН ҚАППАСОВА, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ: Аз уақыттың ішінде бар анаға қажетті ақпаратты алып отырмыз.Осы форумда жалпы әр ана қатысуы қажет еді. Сол осы алған ақпаратымызды өзімізге тиімді қылып пайдалана аламыз. Және де осы форумды жасап жатқан форум ұжымдарына үлкен алғысымызды айтамыз.

СНХ: ЭЛЬВИРА МҰҚАШЕВА, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ: Көп балалы анамын. Мұндай форумның бізге,аналарға маңызы өте зор. Кереметтей форум өтіп жатыр. Өте маңызды іс-шара деп есептеймін. Біз бәріміз білеміз ғой, көңіл-күйі жақсы ананың баласы да бақытты болады. Ең бірінші анадан бастау керек. Егер баланы тәрбиелеймін десең, ең бірінші ананы тәрбиеле.Ол қазіргі таңда өте актуальды тема.

РКС: Форумда қатысушыларға ерекше шабытпен қатар, жаңа білімге, пікірталас өткізуге, қуат пен өзіне сенімділік орнатуға жол ашылды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ