ДИКТОР: Шахмат әлемінің ең білгірлері Көкшетауда бас қосты. Шахматтан Көкшетау қаласының құрметті азаматы, жер қойнауын зерттеуші, профессор Айтқажы Қазбеков атындағы ашық турнир ұйымдастырылды. Бұл өңірде бесінші рет ұйымдастырылып отырған турнир. Оған қала,аудан мектептерінің оқушылары қатысты.

РКС: Айтқажы Қазбековтің геология саласына сіңірген еңбегі орасан. Өмірінің соңына дейін аталған салада қажырлы еңбек етті. Оның құрметіне арналған турнир биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл сайыс шахматшылардың шеберлік деңгейін көтеруді көздейді. Сонымен қатар бұқаралық деңгейдегі жаңа спортшыларды қалыптастыру.

STAND-UP: НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ТІЛШІ: Дәл қазір өздеріңіз көріп тұрғандай 20 оқушымен бір мезетте халықаралық деңгейдегі гроссмейтер Нұрлан Ыбыраев шеберлік сағатын өткізіп жатыр.

СНХ: МҰСА ҚАЗБЕКОВ, АЙТҚАЖЫ ҚАЗБЕКОВТЫҢ ҰЛЫ: Біз бұл іс-шараны жыл сайын өткізгіміз келеді. Шахмат ойындарының танымалдығын арттыру. Бұл спортты дамыту үшін әр мектепте арнайы кабинеттер бар. Екі жыл қатарынан өзінің кіндік қаны тамған ауылда өткізіп келеміз. Бұрынғы Қарабұлақ, қазіргі Қанай би ауылы. Барлығына шахмат сыйлаймыз. Болашақта шахмат ойынын дамытып, бұқаралық деңгейге көтеруді мақсат етіп отырмыз. Алдағы уақытта осы балалардың арасынан Қазақстан чемпиондары шығады деп сенемін.

СНХ: ЖАНСАЯ ЖӘНБЕКОВА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ (ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ, ҚАНАЙ БИ АУЫЛЫ): Биылғы болып жатқан турнирге екінші жыл қатарынан қатысудамын.Егер расын айтсам,шахматқа мүлдем қызықпайтынмын.Шахмат ойнап көріп, қызығушылығым артты.Одан әрі өзі дамытқым келеді.Шахмат ойнауды көбі біледі, әрине бәрі өздігінен дамығысы келеді.Өзімде шахматтан жоғары жетістікке жеткім келеді. Ертең біздің осы шахматтан ақтық күн болады.Ертең кімнің жеңіп, кімнің жеңілгенін, кімнің жетістікке жеткенін көз жеткіземіз.Барлығына сәттілік тілеймін,әрине. Өзіме де сәттілік тілеймін.

РКС: Қатысушылардың арасында аймақтық деңгейдегі танымал шахматшылар да бар. Турнирге 6 жастан 62 жасқа дейінгі қатысушылар өз шеберліктерін ортаға салды.

СНХ: АДЕЛЬ РУАЙДА, ЕҢ ЖАС ҚАТЫСУШЫ: Мен алтыдамын. Мен шахматты жақсы көремін.Тренерім Қанат Тортаевич.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Екі күнге ұласқан турнир қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының «Әулет» командасы 1 орынды еншіледі. Жүлделі екінші орын да Көкшетау қаласының 2 мектеп лицейіне бұйырды. Көкшетау қаласының “Meyer Sistem” және «Белая ладья» шахмат орталығының командалары үшінші орынға жайғасты. Осылайша жүлделі орынның бәрін көкшетаулықтар еншіледі. Жеңімпаздарға турнирдің арнайы медалі мен грамотасы табысталды. Одан бөлек, ақшалай сыйлық та берілді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ