ДИКТОР: Жетпістің желкенін керген, журналист, белгілі боксшы, "Шапағат" медалінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі Қалымбек Мұхамеджановты мерейтой қарсаңында кіндік қаны тамған Айыртау ауданының жұртшылығы құрмет қошеметпен қарсы алды.
РКС: Саумалкөл ауылындағы Ақан сері атындағы мәдениет сарайының кең де жарық залдарының бірі мерекедей безендірілді. Айыртау ауданының көптеген елдімекендерінен жиналған Қалымбек Әрнашұлының жерлестері танымал ұлдарына қошемет көрсетті.
СНХ: МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Айыртау ежелден таланттарға бай өлке. Солардың қатарында журналист, белгілі боксшы Қалымек Мұхамеджановты да көріп, қуанып жүретініміз шындық. 40 жылға жуық спорт журналистика саласында қызмет атқарып келе жатқан ағамыз әлі де өзінің бабында. Көкше телеарнасында қызметін одан әрі жалғастырып келеді. Туған өңірі Айыртаудың еңбек адамдары жайлы сонау бала кезінен газет, журналдарға жазып, радио телевидениеден хабарлар жасаған. Қалымбек Әрнашұлының ерен еңбегін жерлестері ешқашанда ұмытпайды. Бүгінгі кездесу ағаға көрсеткен қошемет. Соның белгісі деп санаймын.
ест.шум:
РКС: Айыртау ауданының тумасы Қалымбек Мұхамеджанов жайлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері - Серікбай Туралинов, аудандық мәслихат төрайымы - Гүлмира Әбілқайырова тебірене айтып, абзал ағаны 70 жылдық мерейтоймен құттықтады. Жергілікті ақын Нұржәмилә Әлібекова арнау өлеңін оқыды.
ест.шум:
РКС: Қалымбек Мұхамеджановпен бірге оның туған өлкесі Айыртауға ақын Бақберген Амалбек, досы, запастағы полиция полковнигі Болатқажы Жұмабеков және інісі Ержан Әрнашұлы барып, шашбауын көтерді. Балалық шағы өткен Сарыбұлақ ауылынан бастауыш мектепті бітіріп, Көкшетаудағы нөмірі 3 қазақ орта мектебіне білім алуға аттанған Қалымбек Әрнашұлы жерлестері алдында сиясы кеппеген өлеңнің бір шумағын оқып берді.
ест.шум:
РКС: Қалымбек Әрнашұлы аяулы Айыртауының намысын лайықты қорғап жүрген боксшы балаларға спорт құрал жабдықтарын сыйлап, бір сәт шеберлік дәрістерін көрсетті. Және жасөспірім боксшыларды мамырдың 25-де өзінің құрметіне арналған турнирге шақырды. Кездесуге жиналған жұртшылық әуелеген әсем ән тыңдап тарқасты.
ест.шум:
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ