ДИКТОР: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов Жақсы және Жарқайың аудандарын аралап, су тасқынына қарсы атқарылып жатқан іс-шаралардың барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі қорғаныш құрылыстары мен жол инфрақұрылымының жай-күйіне басты назар аударды.
РКС: Жақсы ауданына қарасты Жаңа қима ауылында облыс әкімі ұзындығы 450 метр болатын жасанды бөгеттің ахуалымен танысты. Оның биіктігі 7 метрге дейін жеткізілген. 14 мың қаптан астам астам инертті материал төселді. Бұл шаралар су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға ықпал етеді және тұрғын үйлерді су басу қаупін мейлінше сейілтпек.
СНХ: АЛМАГҮЛ ҚАДЫРАЛИНА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазір бөгетте төтенше жағдай департаментінің 70 қызметкері, 20-ға жуық мемлекеттік қызметші және жергілікті халық жұмыс істеп жатыр. Біз қапшықтарды толтырып, бөгетті одан әрі нығайтумен айналысып жатырмыз.
РКС: Жергілікті тұрғындар су тасқыны жағдайын тұрақтандыруда әкімдіктің үйлесімді жұмысы маңызды роль атқарғанын айтуда.
СНХ: ДУЛАТ ЖАНБАЕВ, ВОЛОНТЕР: Бұған дейін, былтыр су тасқынынан кейін жергілікті атқарушы органдар бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізген болатын. Сондай-ақ биыл да өте үлкен жұмыс атқарылды. Дәл қазір көріп отырғаныңыздай, техника бар, адамдар бірлесіп жұмыс атқаруда.Жалпы қаражат жеткіліктіқаражат жеткілікті.
СНХ: ШЫНАР АШИРХАНОВА, ЖАҢА ҚИМА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Биыл біз су бөгетіне жұмыс істеуге шықтық, бүкіл ауылдың халқы жиналды мында. Барлық мекемелерден қатысып жатыр адамдар. Су ену қаупі болғандықтан барлығымыз жұмылып жұмыс істеп жатырмыз. Әзірше барлығы ойдағыдай болып жатыр.
РКС: Өңір басшысы сондай-ақ Державинск қаласы мен Жарқайың ауданының Пригородное ауылындағы қорғаныс құрылыстарын аралады. Еріген сулардың еркін өтуін қамтамасыз ету үшін ауданда жарылыс жұмыстары жүргізіліп, топырақ үйінділері нығайтылды. 42 мың қап инертті материал және мың метрге жуық полиэтилен пленкасы дайындалды. Сапар қорытындысы бойынша аймақ басшысы Марат Ахметжанов су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылауда ұстауды және қорғаныш шараларының кешенін жүзеге асыруды жалғастыруды тапсырды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ