ДИКТОР: Еңбек және әлеуметтік қорғау саласының үздігі, "Құрмет" орденінің иегері, Зеренді ауданының құрметті азаматы - Мағауия Рахымбергенов 80 жаста. Еңбек адамының зейнетке шыққанына 17 жылға жуықтайды. Бірақ ол әлі де тынымсыз еңбектеніп келеді. Еңбек және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі сабақ беру орталығында дәріс оқып, жұмысшы мамандардан емтихан қабылдауда.
РКС: Мағауия Қабдуақасұлы еңбек жолын бұрынғы Көкшетау ауданы "Раздольный" кеңшарында машина-трактор шеберханасында бастаған. Оның болашағынан үлкен үміт күткен аудан басшылары "Бұлақ" кеңшарына партия ұйымының хатшысы етіп жібереді. Астықты Рузаев ауданына қарасты "Шұқыркөл" кеңшарында қызмет еткен кезде елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ықпал етті. Ауылда алғашқы жылы 14, келер жылы 21, үшінші жылы 17 пәтер салынып, елде қордаланған бірнеше мәселе оң шешімін табады. Кеңшар директорының ілкімді ісі ескеріліп, Мағауия Рахымбергенов облыстық партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
СНХ: МАҒАУИЯ РАХЫМБЕРГЕНОВ, ЕҢБЕК АДАМЫ: 14 жасымда бригадаға жазды күні прищепник болып бастап, сол әлі күнге дейін еңбектендім. Әр салада қызмет атқардым. Ең бірінші тілегім адал болу керек, сол жұмыстың бабын білу керек. Ең бірінші адал еңбек етсең, семьяңа адал болсаң. Балалар да өзіңе ұқсайды. Кім жақсы еңбек етсе, талпынып еңбек етсе, Президент те еңбек адамдарын құрметтеп жатыр ғой барлығы болады.
РКС: Мағауия Қабдуақасұлы ел тәуелсіздік алған жылдары облыстық әкімшіліктің ауылшаруашылық бөлімін, 2001 жылы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минитсрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің директоры болды. Еңбекшілдер ауданының әкімі қызметін атқарды.
СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Текті тұқымының ұрпағы ғой. Тектілігін танытып келе жатқандығына біз қуанамыз. Соның ішінде әсіресе, өзен ауылында Есдәулет бидің атындағы мешітті салуы, сол мешітке кәдімгідей өзінің қавмқор боып жүретіндігі, осның бәрі атадан қалған жол, атадан қалған мирас, атадан қалған қан, атадан қалған тектілік деп есептейміз. Құдайға шүкір, Мағаудың балалары да үлкен азамат болып, елдің тізгінін ұстап жүрген азаматтар болып өсіп, жетіліп келе жатқандығына шын көңілден қуанамыз. Өзін жақсы көретін, өзін сыйлайтын азаматтың отбасы жақсы болса, бала-шағасы өсіп жатса, оған неге қуанбасқа?
РКС: Мағауия Рахымбергенов бүгінде еңбек және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі сабақ беру орталығының директоры. Мұнда жылына 600-ге жуық адам оқиды. Адал еңбек етіп, елге сыйлы, құрметке лайық болған жан қашанда елдің құты болып қала бермек.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ