ДИКТОР: 11 сәуір - Халықаралық Паркинсонмен күрес күні. Бұл сырқат орталық жүйке жүйесінің ауруы, қозғалыстың қиындап, аяқ-қолдың дірілдеуін және бұлшық еттердің қатаюын тудырады. Облыс бойынша қазір осы диагнозбен 500-ге жуық ақмолалық диспансерлік есепте тұр.
РКС: Бұл ауруды алғаш рет 200 жыл бұрын ағылшын дәрігері Джеймс Паркинсон сипаттаған. Бүгінгі күні ол Альцгеймер ауруынан кейін барлық нейродегенеративті аурулар арасында екінші орында. Бұл дерт мидағы дофаминді шығаратын жасушалардың біртіндеп жойылуына байланысты дамиды. Бұл аяқ-қолдың қалтырауы, баяу қозғалыстар, бұлшықеттердің қаттылығы және тепе-теңдіктің жоғалуы сияқты белгілерге әкеледі. Паркинсонды нөлдік және бірінші кезеңде анықтау қиын, -дейді мамандар.
СНХ: МАКШАРИП МАРТАЗАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ НЕВРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Өкінішке орай, мысалы, инсульт сияқты нақты диагностикалық әдіс жоқ - сіз томограмма жасай аласыз және дереу анықтап, диагноз қоя аласыз. Паркинсон ауруы көбінесе бірқатар диагностикалық критерийлерден тұрады. Басқа ауруларды жоққа шығару үшін КТ және МРТ жасаймыз. Яғни, біз клиникалық көріністі, басқа аурулардың жоқтығын ескереміз және Паркинсон ауруы бар науқастар жақсы жауап беретін белгілі бір фармакологиялық сынақтарды жүргіземіз. Дәл осындай бірқатар концепциялардан Паркинсон ауруы ұғымы туындайды.
РКС: Паркинсон ауруын әлі де толық емдеу мүмкін болмай отыр. Бірақ заманауи әдістер, соның ішінде дәрілік терапия, физиотерапия және хирургия аурудың дамуын бәсеңдетуге және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі. Бүгінгі күні емдеудің негізгі әдістері дәрілік терапия және хирургиялық араласу.
СНХ: МАКШАРИП МАРТАЗАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ НЕВРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Фармакологиялық әдіс дегеніміз ағзадағы дофаминнің жетіспеушілігін өтейді. Өкінішке орай, дофаминді таза түрінде тағайындасақ, денеге сіңбейді және мидың қажетті құрылымына жете алмайды. Сондықтан оның тағы бір түрі - леводопа. Бұл біздің елімізде отандық өндірушілер шығаратын химиялық препарат. Қазақстан бойынша тегін берілетіні қуантады әрине. Өте қымбат дәрі, сондықтан науқастардың диспансерлік есепке тұруы маңызды. Бұл препараттар біздің елде бар./
РКС: Паркинсон ауруының алдын алу бұл дертітің пайда болу қаупін толықтай жоя алмайды, бірақ оны айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте белсенді өмір салтын ұстанған абзал. Дене жаттығуларын үзбей жасау қозғалысты жақсартады, мидың жұмысын үйлестіреді. Дұрыс тамақтану, қозғалыс, ақыл-ой белсенділігі мен зиянды әдеттерден бас тарту - Паркинсон ауруының алдын алуға септігін тигізеді, - дейді мамандар.
АЙДЫН СӘЛМЕН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ