ДИКТОР: Былтыр Аршалы ауданына қарасты Жібек Жолы ауылында бөгет салу жобасына 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Салынған бөгет көктемгі су тасқыны кезінде Жібек Жолы ауылының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұр. Мердігерлік ұйым Жібек Жолы ауылының 6, 7 және 8-ші шағын ауданы бойында бөгет салу жобасын іске асырды. Биіктігі 5 метрге дейін жететін бөгет 500-ге тарта тұрғын үйдің, яғни 1400-ден астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
СНХ: ЖАСҚАНАТ ДҮЙСЕНОВ, АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгінде Аршалы ауданының аумағындағы су тасқынына қатысты жағдай тұрақты. Былтыр «Демеу Қазақстан Қоры» корпоративтік қорынан Жібек Жолы ауылында ұзындығы 6,2 шақырым бөгет салу жобасын іске асыруға 2,3 миллиард теңге бөлінді. Қазір бұл жұмыс толық орындалды. Сондай-ақ, былтыр «Қазсушаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола филиалы айналма арнаны тазарту жұмысын жүргізді. Бұдан басқа, 440 текше метрдей қар шығарылды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.