ДИКТОР: Ұстаз – ұлағатты ұлы есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие мен жақсы қасиеттерді бойына дарытатын қадірлі жан. Алдына келген баланың санасына сәуле шашатын ұстаздың ұрпақ тәрбиесіндегі ролі зор. Бала жанына білім нәрін себуші, қадірлі ұстаздың бірі «Құрмет» белгісінің иегері Кәмила Қозжанова 90 жаста. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.
РКС: Кәмила Қозжанова 1935 жылы Омбы облысына қарасты Есілкөл ауданының Боевое ауылында дүниеге келген. Арман қуып, Петропавл қаласындағы педагогикалық институтты бітірген. 1959 жылы Красный Яр ауылындағы №1 мектепке математика пәні мұғалімі болып орналасады. Еліміз тәуелсіздік алған жылы аталған мектептен құрметті еңбек демалысына шықты. Ұстаз болу бала арманымның бірі еді дейді, Кәмила Қозжанова. Ғұмырының шуақты шақтарының 45 жылын білім саласына арнаған ұстаз бүгінде 90 жаста.
СНХ: КӘМИЛА ҚОЗЖАНОВА, ЗЕЙНЕТКЕР ҰСТАЗ: Содан тұрмыс құрдым. Одан Қызылсая мектебіне направления алдым. Қызылсая мектебінен жолдасымның жұмысына қарай Азатқа барып мектеп аштық.Онда 8 жыл жұмыс істеп келіп, Красный Ярға келіп,содан направлениямен Уәлихан районына кеттік. Осы Красный Яр мектебінен зейнетке шықтым.
РКС: Жанкешті еңбектің жемісін көріп отырған ұлғатты ұстаздың әлі де айтар әңгімесі мен берер үлгі-өнегесі көп. Ерен еңбектің арқасында мұғалімге деген құрметтің артатыны белгілі. Ұстаздың мерейін арттырып, 90 жасымен шәкірті Шияп Әлиев те арнайы барып құттықтап қайтты. Ұлағатты ұстазының атқарған еңбегінің ұшан-теңіз, өте қарапайым жан екенін айтты.
СНХ: ШИЯП ӘЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Кәмилә Еслямована Қозжанова Красный Яр мектебінде сегізінші класта оқып жүрген кезден бастап білемін. Сабақты жақсы берді, математикадан берген бізге. Сабағы бізге ұнады. Не керек тәрбиелеп бізді әйтеуір, адам қылып шығарды. Құрмет белгісі орденін алған. Мұғалім болып жүріп, Құрмет белгісін алу оңай нәрсе емес ол кезде. ҚазССР-інің оқу ісінің үздігі. Сондай ол кісінің еңбегі өте зор. Жалғыз мен емес, менімен бірге оқыған, менен басқа оқыған балалар болды ол кісінің тәрбиесін алған азаматтар, барлығы ол кісіні тастамайды аузынан.
РКС: Айта кетейік, Кәмила Қозжанова ерен еңбегінің арқасында Жеңістің 65,70,75 жылдығына арналған және «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қазақ КСР-нің «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Құрметті ұстаз мәртебесін арттыру, мемлекетті кемелді ету-озық ойлы ұрпақ қалыптастырудың негізі. Ал білімнің шамшырағын жаққан Кәмила Қозжанова сынды ұстаздан алар үлгі көп.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ