ДИКТОР: Қоянды ауылында су тасқынының алдын алуға бағытталған шараларды күшейте түсті. Аңын судан қорғау үшін арнайы арықтар қазылған. Тілшіміз жалғастырады.
РКС: Өткен жылдары Қоянды ауылының тұрғындары елдімекеннің ішіндегі қар ерігеннен соң орман жақтан келетін ағын судан қауіптенетін.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Целиноград ауданы Қоянды ауылының жергілікті атқарушы органдар көктемгі су тасқынының алдын алуда тиімді шаралар қабылдады. Оның ішінде ауылдың сыртындағы айналма арық қазылды. Осының арқасында ауылдың су басу қауіпі жоқ.
СНХ: БАҚЫТХАН СҰЛТАНБАЙ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Биыл қар суының былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы еруі, былтырғы істелінген жұмыстардың нәтижесінде жоғары дәрежеде өтті. Былтыр сырттан келетін су, ішкі су халықты әбігерге салған. Биылғы жылы даладан келетін су сыртқы айналма арықтың арқасында ауылды судан құтқарып қалды. Бұл арықтың өзінің функциясын жақсы атқарды.
РКС: Осылайша 4 шақырымдық айналма арық ауылдың ішіне ағын судың келуіне тосқауыл болмақ. Көктемгі су тасқынының алдын алуда былтыр ауылдың ішінде 36 шақырымдай арық қазылып, су өткізу 96 құбыры салынды. Биыл ауыл әкімшілігі бұл жұмысты жалғастырады.
СНХ: СҰЛТАН ӘЛИАСҚАРОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл шаралар су тасқынынан жеңіл өтуге мүмкіндік берді. Қоянды ауылында су тасқыны екі кезеңде өтеді. Бірінші - ауыл ішіндегі қардың еруі. Екінші кезең – орман жақтан еріген қар суы. Қазір екінші кезеңнен толығымен құтылдық. Оңтүстіктен су республикалық маңызы бар автожолға қарай, шығыстан Қоянды су қоймасына қарай кетеді.
СНХ: АМАНЖОЛ ДӘКІС, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 2023 жылы ауылымыздың біраз жерін су алған болатын. Былтырлы жылы аудан әкімінің бастамасымен арықтар қазылған болатын. Сол арықтардың арқасында шағын аудандардағы үйлер су басу қаупінен құтылды. Ауылдың ішінде арықтар көп қазылғанын көріп отырмыз. Осы арықтар бізді судан аман алып қалды деп айтсақ болады.
РКС: Ені 5, тереңдігі 7 метрге дейін жететін айналма арна қазылып, соның арқасында қызыл су елді мекен ішіне кірмейді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.