Ақмола облысының екі әкімі тәртіптік жазаға тартылды. Тиісті өкімге аймақ басшысы 2025 жылдың 8 сәуірінде қол қойды. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде хабарланды. 2025 жылғы 8 сәуірдегі Ақмола облысы әкімінің өкімімен қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін, атап айтқанда, Бұланды ауданында су тасқынына қарсы шараларды уақытылы қабылдамағаны үшін аудан әкімі Ардақ Смайыловқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Степногорск қаласының абаттандыру жұмыстары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін тиісті деңгейде қадағаламағаны үшін қала әкімі Гайдар Қасеновке сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.