ДИКТОР: Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шара өтті. "Жастар Ассамблеясының" мүшелері үшін "музей экспонаттарындағы соғыс жаңғырығы" шеберлік сыныбы және "Отан соғысы жылдарындағы Ақмола облысы" тақырыптарында экскурсия ұйымдастырды.

РКС: Экскурсияға қатысушылар тарихтың қаһармандары мен қайғылы беттері туралы шынайы әңгімелерді естіп қана қоймай, соғыс жылдарындағы экспонаттарды — құжаттар, майданнан келген хаттар, сарбаздардың жеке заттарын өз көздерімен көрді. Іс-шара жастардың да ынтасын оятты. Сұрақтар, пікірталастар және әр экспонатқа деген шынайы қызығушылықтары, тақырыптың әлі де өзекті екенін көрсетеді. Аталған кездесу тыңдаушыларға маңызды оқиғалар мен кейіпкерлер туралы тереңірек білуге мүмкіндік берді. Іс-шара өскелең ұрпақтың тарихты есте сақтауын және патриотизмге тәрбиелеу ісіне қосқан маңызды үлес болды.

СНХ: ВЕРОНИКА АНТИПОВА - ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЭКСКУРСОВОДЫ: Биыл біз Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Есімізде тек игі істер ғана емес, сонымен бірге олар біздің жадымызда сақталуы үшін және мұндай оқиғалардың ешқашан, сіз бен біздің өмірімізде де, ұрпақтарымыздың өмірінде де қайталанбауының алдын алу үшін қажет. Ұлы Отан соғысы кезінде майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық сарбаз кетті. Оның 528-і Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның 71-і Ақмола облысының тумасы.