ДИКТОР: Өңіріміздегі дискордантты жұптардың саны 37-ге жетті. Яғни, осыншама жұбайлардың бірі АИТВ кеселіне шалдықса, екіншісі аталған дертпен ауырмайды. Медицинаның озық үлгілерінің арқасында адамның иммун тапшылығы вирусы жас жұбайларға алдын ала кешенді тексерістен өтуіне мүмкіндік береді. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

РКС: Өңірімізде 37-ге жуық дискордантты жұп бар. Арнайы ем-дом шараларының арқасында адамның иммун тапшылығы вирусына шалдықпаған сыңары қорғаныс құралдарынсыз-ақ жұқтырмауға жәрдем береді. Бүгінде дәрігердің ұсынысы бойынша 170 адам профилактикадан өз қалауларымен өтіп жүр.

СНХ: ГАУХАР ЕРҒАЗИЕВА - ОБЛЫСТЫҚ АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГЫ: Біз әрбір науқасқа алдын алу шараларын жеке-жеке таңдап береміз. Кеселдің қаупін ескере отырып, әрбір келушіге ем-дом шараларын ұсынамыз. Бұл қалыпты және үздіксіз болуы мүмкін. Әрине, үздіксіз, яғни күнделікті дәрі-дәрмекті қабылдау тиімдірек. Тұтынушы жоспарлы жыныстық қатынастың алдында және одан кейін бір-бірден қабылдауына болады.

ТЕКСТ ГРАФИКИ: 2025 жылдың 1 сәуіріндегі дерек бойынша, облыста АИТВ жұқтырғандардың саны 1100-ге жеткен. Биылғы алғашқы 3 айдың деректері бойынша, 25 жаңа жағдай тіркеліп, олардың 18-і жыныстық қатынастың салдарынан дертке шалдыққан.

ГРАФИКА:

Жалпы саны – 1100

3 ай ішінде тіркелгендер саны – 25

Қорғаныс құралдарынсыз етене қатынастар – 18

РКС: Бұл статистика АИТВ-ның алдын алудың маңызды екендігін көрсетеді. Себебі, кез келген адамның жұқтыру қаупі бар. Сол себепті де, аймақ тұрғындарына талдаудан тегін өте алады. Оған кәдімгі қан тапсырумен қатар, нәтижесі 20 минутта дайын болатын сілекейге арналған экспресс-тесттер кіреді.

СНХ: МАРГАРИТА РЫБИНА – ОБЛЫСТЫҚ АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ: АИТВ сынамасына талдау жұмыстарын жүргізу емханада қаралу сияқты қалыпты жағдай. АИТВ-инфекциясы қауіп төну шегінен шығып кеткен. Жас, жыныс талғамайтын вирус кез келген адамға жұғуы мүмкін. Бүгінде, вирус тасымалдаудың кең таралған жолы - жыныстық қатынас арқылы.

РЗК: Дискордантты жұптар бірінші кезекте өзара жауапкершілікті сезінуі тиіс. Ал замануи әрі қолжетімді медицина жауапты жандардың махаббаттын бекітпесе, кемітпек емес.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖУРСИН УМИРЗАК, АРДАК ТЛЕУГАБУЛОВ, КОКШЕ АКПАРАТ