ДИКТОР: Көкшетауда орташа жол жөндеу басталды. Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында қаржыландыру көлемі өткен жылдармен салыстырғанда төрт есеге артты. Айта кетейік, жөндеуді жергілікті мердігер ұйымдар жүзеге асыруда.
РКС: Негізгі учаскелердің бірі ретінде Кенесары көшесінен Қызыл Яр ауылы бағытындағы айырма жолға дейінгі Ауэзов көшесінің бөлігі таңдалды. Жолдың бұл бөлігінде ағымдағы жөндеу көзделген. Ал Қызыл Яр ауылындағы көпірге дейінгі аралықта жол жиегі 8 метрге дейін кеңейтілмек. Бұл жобаға қалалық бюджеттен шамамен 700 миллион теңге бөлініп отыр.
СНХ: РУСЛАН АБОЛЕНСКИЙ, МЕРДІГЕР: Жоба бойынша Туберкулез диспансерінен Қызыл Яр ауылындағы көпірге дейін 5 шақырым жол қамтылмақ. Сондай-ақ 10 аялдама орнатылады. Бұл жоба мамырдан тамызға дейін жүзеге асырылады. Сонымен қатар жаңа мектеп маңында шамамен 1 шақырым жаяу жүргіншілерге арналған жол салынбақ.
РКС: Сәуірдің 1-нен бастап орташа жөндеу Назарбаев даңғылында да бастау алды. Мұнда Уәлиханов көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі жол бөлігінде жөндеу жүргізілуде. Аулаларды абаттандыруға да айрықша назар аударылуда. Қала тұрғындарының өтінішімен қала әкімі «Жансая» тұрғын үй кешеніне барып, аулалар мен кіреберіс жолдарды жөндеу туралы шешім қабылдады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Көптен күткен жобаның бірі – Революция күрескерлері саябағында шаңғы-роллер жолы бар мәдениет және демалыс саябағын салу. Бұл жоба 2013 жылдан бері әзірленіп, бірнеше рет түзетулерден өткен. Қазіргі уақытта жоба аяқталуға жақын. Мердігерлер жұмысты 1 маусымға дейін бітіруге уәде берді.
СНХ: ӘСЕЛЬ ҒАБДУЛ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Қаламызда жолсыз аймақта спортпен айналысып, жаттығу жасауға болатын осындай оазис бар екеніне өте қуаныштымын. Жалғыз ғана – саябақта кейбір кемшіліктер бар, бірақ олар жақын арада жойылады деп үміттенемін, сонда біз – қала тұрғындары бұл жерде толыққанды жаттығу жасай аламыз.
РКС: Сондай-ақ биыл Сарыарқа шағын ауданындағы Ғабдуллин көшесі мен Назарбаев даңғылына шығатын 7, 8, 9 және 6 көше бөліктерінде жол құрылысы жоспарланған. Бұған қоса, Застанционный ауылында ұзындығы 6,3 шақырым болатын жолдарға орташа жөндеуге 500 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ