ДИКТОР: Астрахан ауданы негізінен еркін күрес балуандарымен аты шыққан өңір. Соңғы жылдары бокстың да бұқаралығы артып келеді. Қолына былғары қолғап кигендеріне көп болмаса да, ауыл балалары облыстық жарыстарға жиі барып жүлдемен оралуда.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Ауыл балаларының боксқа деген қызығушылығы күн санап артып келеді...

РКС: Балалрды боксқа баулып жүрген Александр Федоренко Астрахан ауданының тумасы. Сондықтан да ол үйірмеге келіп жүрген ұл-қыздарды жете таниды. Олардың ата-аналарымен де тығыз қарым-қатынаста. Бұл үрдіс жеңіске жетуге жетелейді.

СНХ: АЛЕКСАНДР ФЕДОРЕНКО, БАПКЕР: Аудан орталығы Астрахан ауылында бокс үйірмесінің ашылғанына екі жыл болды. Қазір менің қарамағымда 25 бала бокспен тұрақты айналысады. Олар облыстық жарыстарға жиі барады. Жүлдемен оралып жүрміз. Мәселен, Артем Серичев пен Серік Санжар ұлдар арасындағы облыстық жарыста медальға ие болды. Сол сияқты қыздар арасында Арайлым Қонысбай мықтылар қатарынан көрінді. Қазіргі таңда Көкшетау қаласында өтетін бокс ардагерінің турниріне дайындық жасап жатырмыз.

РКС: Бокс жылдамдықты, қарсыласты сезіне білуді қалайтын спорт түрі. Мұны Астрахан ауданының балауса боксшылары бапкерлерінен жаттығу сайын естиді. Сондықтан аянбай тер төгеді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ