ДИКТОР: Көкшетауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған жиын өтті. Шараға этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қоғамдық құрылымдары, сондай-ақ дін саласының өкілдері мен саяси партиялардың мүшелері қатысты.

РКС: Жиын барысында қатысушылар еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы тұру жолдары бойынша ой бөлісіп, халықтың ақпараттандырылуы мен құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: СЕРІК ХАЛЫҚОВ, "НАУАН ХАЗІРЕТ" МЕШІТІНІҢ ҰСТАЗЫ: Ардақты пайғамбарымыз "пара берушіні де, пара алушыны да лағнет атсын" деп айтқан. Дана халқымыз біздің өте үлкен осы мәселелерге қарап, жаңа ғана жоғарыда айтылып кетті, баяғы заманнан келе жатқан , әрине енді бармақ басты, қол қысты деген мәселелер болған әлібетте. Ондайды қытайда да қатты жазалап тоқтатып жатыр. Соған қарап түзелеміз. Біздің бұрыңғы ата- бабаларымыз Төле би атамыздың айтқаны " Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ" деп айтқан екен. Яғни енді би болсаңыз, басшы болсаңыз, туғаныңызға қарай бұрып, бүйректі соған қарай бұрып кетуге болмайды. Сіз соншалықты турашыл болу керексіз деп тұр. Бұл бізде шариғатта ришуа деп келген. Ришуа деген өзіңіздің өтірік ақыңызды дүние беріп сатып алу дейді. Соны ришуа деп айтады.

РКС: Сонымен қатар, саяси партиялар мен этномәдени бірлестіктердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға қатысуы маңызды екені сөз болды. Олардың бірігіп жұмыс істеуі қоғамда сенім мен адалдықты арттыруға ықпал етеді.

СНХ: АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл екі жақты мәселе, оны бәріміз халық болып, ең алдымен өз басымыздан бастау керекпіз. Отбастарыңызда отырған кезде де үйде өте үлкен мән беру керек. Балалар олар тәрбиелегенге қарамайды, олар тәрбиеленбейді, балалар өзіңнің іс-әрекетіне қарайды. Ата-ананың іс-әрекетіне, қалай біз сөйлейміз, қалай біз үйдің мәселелерін шешеміз, жолдасымызбен, әке-шешемізбен қалай сөйлесеміз, үлкендерді қалай құрметтейміз, сол мәселе біздің партияның жанынан да, жуырда өткен құрылтайда да көне дәстүрімізді жаңғыртып жатырмыз. Жеке ұсынысым, шенеуліктердің жеке кабинетіне Президенттің суретін қоямыз, Одан да балаларының суретін қойып, "Әке болашаққа балта шаппа" деп, немесе жанағында видеороликтегі суреттерді қою керек. Мен ойлаймын, сонда ғана шенеуліктің сана-сезімі оянып, жаман іс әрекеттерге бармайды. Оны халық қанша кіналасақ та, ол жерде өзіміздің де кінәміз бар деп есептеймін.

РКС: Қатысушылар осы бағытта бірнеше ұсыныстар білдіріп, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының нәтижелі болуы үшін қоғамды белсенді түрде жұмылдыру керектігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің тиімділігі мен оның алдын алу шаралары осы сияқты жиындар арқылы күшейтіліп, оң нәтиже беруі тиіс.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ