ДИКТОР: Атбасардағы алдын ала қабылданған шаралардың арқасында су тасқынына жол берілген жоқ. 4-6 сәуір аралығында Жабай өзенінде 400 миллион текше метрден астам су өтті. Айта кетейік, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 25%-ке артық. 4-ші сәуірдегі көрсеткіш бойынша су деңгейі 5,5 метрге дейін көтерілген. Ал бүгінде 3,5 метрге дейін төмендеп, жағдай тұрақталды. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов өңірдегі тұрғындардың хал-ахуалын біліп келді.
РКС: Биыл Атбасар қаласының тұрғындары мен қызметтері көктемгі су тасқыны кезеңіне мұқият дайындалды. Жабай өзенінің түбін тереңдету және арнасын кеңейту, сондай-ақ жағалауды нығайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Дайындыққа жергілікті атқарушы органдардың 400-ге жуық қызметкері мен 138 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Көкшетау, Қарағанды және Астанадан мамандар мен жабдықтар жіберілді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өздеріңіз көріп тұрғандай бүгін міне Жабай өзені, өзі кішкентай ғана өзен, бірақ көктемде осылай жайылады. Былтыр су арнасынан шығып, Атбасар қаласын басып кеткен болатын. Сондықтан 400 үйді былтыр көшірдік. Жаңа пәтер алып бердік. Жаңа үйлер салдық. Биыл жанағындай кемшіліктер қайталанбасын деп былтырғы жаздан бері су арнасын тереңдету, кеңейту мәселесін, сосын мынау жағасын нығайту мәселелері жөнінде жұмыс жүргіздік. Соның арқасында биыл судың көлемі көп болғанымен, бірақ елді-мекендерге Атбасар қаласына су кірген жоқ.
РКС: Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Атбасар қаласының 19 көшесін су басқан болатын. Ондаған инфрақұрылым нысаны, соның ішінде №1 жалпы білім беретін мектеп зардап шекті. Биыл төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрекетінің арқасында қаланы су басу қаупі сейілді.
СНХ: ЛЮБОВЬ БЕКОВА, АТБАСАР ҚАЛАСЫ №1 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Өткен жылы ғимараттың бірінші қабаты су астында қалды. Бірінші кезекте, мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор алғысымды білдіремін. Себебі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1 қыркүйекте біздің мектептің оқушылары сабаққа келіп, 1 қыркүйектен бастап оқу процесі ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында жағдайдың алдын алу үшін, Жабай өзенін тереңдету үшін, мектеп ғимаратын құтқару үшін, дәл біздің мектепте оқуды жалғастыру үшін қаражат бөлінді. Басшылыққа, Мемлекет басшысына, Ақмола облысының әкіміне, тасқынның алдын алуға тырысқан барлық адамдарға зор алғысымды білдіремін.
РКС: Су басу қаупін азайту мақсатында №1 мектеп ауданында арнаны түзету жұмыстары жоспарланған. Бұл учаскеде қалалық жағажай мен саябақ салынады. Жобаны 2026 жылдың көктемінде аяқтау жоспарлануда. Бүгінде Атбасарда тазалық жұмыстары басталды. Жабай өзені маңында, ЖБК ауылы мен Лондон ауданында сенбіліктер өтті. Акцияға 1000-нан астам адам қатысқан. Олардың қатарында кәсіпорындар мен бизнес өкілдері, жастар бар.
СНХ: НАЗГҮЛ ЖАҚЫШЕВА, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Бүгін біз қаланы тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұрынғы жыл бойынша және биылғы жыл бойынша сіздерге белгілі, бұрынғы жыл су апаты бізде болған. 13-ші сәуірден бастап, осы ауданымызда «ЧС» жарияланып, су апаты бізде жарияланды.Сіздерге белгілі біздің ауданымызда су апаты болған. Бірақ та осы жылы мемлекет басшысына мың да бір рақмет! Өз үлесін қосып, осы жылы біз су апатынан аман қалдық. Қазіргі кезде, қазіргі күнде мысалға біз осы «Жастар қанатымен» қаламызда жұмыс жүргізіп, тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
РКС: Сондай-ақ, аймақ басшысы Астрахан ауданының Ескі Қалқұтан ауылындағы су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралады. Дүкендерге барып, халықпен жүздесті. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ауылда Қалқұтан өзенінің арнасын кеңейту және тереңдету жұмыстары басталған болатын. Бүгінде аталған жұмыстар 3,5 шақырым қашықтықта жүргізілді. Өзен 4 метрге дейін тереңдеп, 18 метрден 36 метрге дейін кеңейтілді.
ИНТЕРШУМ: Сейчас я посетил Старый Колутон. Там тоже в 1,5 раза объем в этом году пришло больше, чем в прошлом году. Из 5 районов, это около 10 рек, вливается все в одну точку, где расположено село Старый Колутон.
РКС: Іс-сапар аясында облыс әкімі сарапшы-гидрологтармен кездесті. Мамандардың айтуынша, айналма каналдың құрылысы және уақтылы қабылданған шаралар ауылға келетін еріген су көлемінің азаюына ықпал етеді. Қорытындылай келе, төтенше жағдайларды одан әрі жоспарлау және алдын алу мақсатында аймақтағы гидрологиялық процестерге байланысты су арналарын қадағалау туралы шешім қабылданды.
САНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИИЛЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ