ДИКТОР: Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жас оқырман – ел болашағы» атты балалар кітабы апталығының жабылу салтанаты өтті. 5 күнге созылған шараға 200-ден астам оқушы қатысты.
РКС: №12 жалпы білім беретін мектеп пен №21 мектеп лицейінің оқушылары өз білімдері мен шығармашылықтарын ортаға салып, үлкен қызығушылықпен атсалысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
СНХ: ГҮЛНҰР КӨПЕНОВА, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бүгінгі шараға өте білімді, талантты балалар жиналды. Дарынды балаларды ерекше атап өткіміз келеді. Жеңімпаздарға кішігірім сыйлықтарымыз бар. Бізде осындай дарынды балалардың бары өте қуантады. Мен оларға жарқын болашақ тілеймін. Қазір оларға бақытты балалық шақты қамтамасыз ету жолында біз барлық қиындықтармен күресіп келеміз. Балалар өздерінің талантын дамытсын, біз әрқашан талантты балаларды алға тартамыз. Оларды барынша көтеріп, жолын ашуға тырысамыз.
РКС: Шара аясында балалар үшін «Табиғат және шығармашылық» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауда «Балақай» шығармашылық студиясының шәкірттері де өздерінің ерекше туындыларын ұсынды.
СНХ: ӘДЕМІ КЕРЕЕВА, «BALAKAI» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СТУДИЯСЫНЫҢ ШӘКІРТІ: Мен осы конкурсқа сурет салуц байқауына өзімнің суретімді салдым. Мен бүгін жеңіске жетемін деген ойдамын. Суретім табиғат пен шығармашылық жайлы. Қыз кемпірқосақта жүріп өзінің ойымен табиғатты суреттейді.
РКС: Марапаттау рәсімін «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңында талантты балалар өнерлерін ортаға салып, көрермендерді ән мен күймен сусындатты. Әсем ән мен күмбірлеген күй - кештің сәнін келтіріп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ