ДИКТОР: Астрахан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде баскетбол үйірмесі 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Олар Жалтыр ауылындағы №1 мектептің базасында дайындық жасайды.

РКС: Біз болған күні жасөспірім баскетболшы қыздар жаттығу жасап жатты. Олардың спорттың осынау қиында,қызық түріне деген қызығушылығы бірден байқалады. Әрқайсысы бапкер берген тапсырманы тиянақты орындап баскетболдың қыр-сырын ұғынуда.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ,ТІЛШІ: Баскетбол ұжымдық ойын.

СНХ: ЕЛЕНА МОЛОДЦОВА, БАПКЕР: 2018 жылдан бері бапкермін. Қыз балалармен жұмыс істеймін. Бүгіндері шәкірттерім Ақмола облысының чемпионаттарында жүлделі орындардан көрінуде. Олардың бірнешеуі облыс құрамасына қабылданды. Дина Шайхина ел құрамасының сапында өнер көрсетіп жүр.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: КАРИНА ГУЛСАРЕНКО, БАСКЕТБОЛШЫ: Бапкеріміз Елена Викторқызы бізге баскетболдың жаңа комбинацияларын үйретеді. Жақында Көкшетау қаласында өткен облыстық жарыста 3 орын алдық.

РКС: Бұрымды баскетболшылардың биік белеске жетуіне мол мүмкіндік жасалуда. Олар жарыстарға жиі шығып тұрады.

СНХ: ӘЛІБЕК БАЙМАҒАНБЕТОВ, АСТРАХАН АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Астрахан спорт мектебінде, баскетбол бөлімі Жалтыр ауылында бар. Ол 2018 жылы ашылды. Нәтиже жаман емес. Облыстық деңгейдегі жарыстарға жақсы өнер көрсетіп жүр.

РКС: Алыстағы ауылдың бұрымды баскетболшылары бұл күндері Астанада өтетін турнирдің біріне тиянақты дайындық үстінде. Мақсат, жүлдемен оралу.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ