ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша 59 бизнес өкілі әлеуметтік кәсіпкерліктің республикалық реестріне енді. Әлеуметтік мәселені шеше отырып, осындай мәртебеге ие бола алады. Осылайша бизнес халықтың әлеуметтік осал тобының өмір сүру сапасын жақсартып, ісін дамытуға ықпал етеді.
РКС: Әлеуметтік кәсіпкерліктің бағыты көп. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру, қоршаған ортаға қамқорлық таныту, инклюзивті білім беру, мәдени-ағартушылық қызметпен айналысуға болады. Ол 4 санатқа бөлінеді. Әлеуметтік кәсіпкер атану үшін соның біреуіне сәйкес келу керек.
СНХ: ИНДИРА АЙСИНА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің танымал бола бастағанына көп уақыт өткен жоқ. Сәуірдің біріндегі жағдайға сәйкес Ақмола облысы бойынша 59 бизнес өкілі әлеуметтік кәсіпкерліктің республикалық реестріне тіркелген.
РКС: Әлеуметтік кәсіпкерлік субьектілерін мемлекеттік қолдау түрлі механизм арқылы жүзеге асырылады. Ол «Даму» қоры арқылы субсидия түріндегі қаржылай көмек, мүліктік қолдау, сонымен қатар салықтық жеңілдіктер түрінде де болуы мүмкін. Гаухар Камелинованың мамандығы дәрігер-реабилитолог. «Я сам шагаю» қоғамдық қорының басшысы. Ол басқарып отырған орталықта білікті мамандар еңбек етеді. Олар баланың мінез-құлқындағы ауытқудың алдын алуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетеді.
СНХ: ГАУХАР КАМЕЛИНОВА, «Я САМ ШАГАЮ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Былтыр әлеумиеттік кәсіпкер ретінде қатысып, 5 миллион теңгенің грантын ұтып алдық. Бұл қаржы балалардың ортасын қалыптастыруға үлкен көмек болды. Кереуеттер, стол мен орындықтар сатып алдық. Қызметімізді кеңейтіп, «Инклюзияға қадам» орталығында және «Аяла» үйінде шағын ғана орта қалыптастырдық. Бұл жерде балалар күндізгі жартылай стационарда.
РКС: Көкшетаудағы «Гранат» шығармашылық студиясы мәдени даму мен шабыттың ордасына айналған. Өнерді жанына серік етем деушілердің жасына шектеу жоқ. 4 жастан бастап келе беруге болады. Анар Саттыбаеваның әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін алғанына 2 жыл. Қазір мүмкіндігі шектеулі 10 бала сыныпқа келіп жүр.
СНХ: АНАР САТТЫБАЕВА, «ГРАНАТ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Әлеуметтік кәсіпкер ретінде мемлекеттік реестрге тіркелгенімізге 2 жыл болды. Алдағы уақытта өз мүмкіндіктерімізді әрі қарай ұлғайтып, осы бағытта даму үшін адамдарға мүмкіндік беру үшін жаңа жобалар жасамақпыз. Негізгі бағыт – коммерциялық қызмет. Бірақ, бұл қызметті тегін ала алатын адамдардың жеке тобы да бар. Олардың қатарына әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың және дамуында ерекшелігі бар балалар жатады. Біз мұндай мүмкіндікті қашан да ұсынамыз, есіміз әрқашан ашық.
РКС: Былтырдан бастап «Бизнесті қолдау мен дамыту» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар бөлінуде. Бірақ ол тек әлеуметтік кәсіпкерлік субьектілері мен «Бір ауыл-бір өнім» бағдарламасының жеңімпаздарына ғана беріледі. Мұндай тәсіл өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етеді. Екіншіден, халықтың барлық тобы үшін қолайлы жағдай жасалады. Былтыр 29 жоба мақұлданды. Нәтижесінде 150 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ