ДИКТОР: Көкшетауда Жеңістің 80 жылдығына орай мәңгілік алауға гүл қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, әскери-техникалық мектебі Щучинск филиалы тыңдаушыларының ант қабылдау рәсімі де ұйымдастырылды. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Шара Мемлекеттік Туды шығарып, әнұранды орындаудан басталды. Мәңгілік алауға гүл қою рәсіміне Ауған соғысының ардагерлері және ант қабылдайтын тыңдаушылардың ата-аналары келді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ ЩУЧИНСК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі күннің ерекшелігі – биылғы жылдың өзі Ұлы Отан соғысының жеңісіне 80 жылына орай әдейі мәңгілік оттың алаңына келіп, соғысқа қатысқар батырларымыз үшін ант қабылдау шақырушылардың бәріне маңыздылығын, ол біздің тарих екенін, әдейі келіп, гүл шоқтарын қоюдан бастап, соғыста қаза болған қазақ батырларының, ата-бабаларымыздың, апаларымыздың, әкелеріміздің алдына келіп, ант қабылдау рәсімін өткізбекшіміз. Биылғы жастар тарихын білу керек. Осы жерде басқа да ардагерлер бар. Ауған соғысының ардагерлері, Тәжік-Ауған, Нагорный Карабах. Олардың осы жігіттердің алдында өздірінің өсиеті мен ақылдарын айтатын күн. Еліміздің амандығын, жақсылығын, еліміздің бірлігін тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
РКС: Бүгін әскери-техникалық мектебі Щучинск филиалының 30 тыңдаушы әскери ант қабылдады. Олар мемлекеттік тудың алдында туған халқы мен Отанына адал болуға ант етті. Әскери-техникалық мектеп тыңдаушыларын қолдауға ата-аналары мен жақындары келді.
СНХ: АНАТОЛИЙ МИТРОФАНОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Ант беруден кейін олар әскери борышын өтеуге міндетті. Әскерге шақырылғанда өз Отанын, Қазақстан Республикасын қорғаушы болады. Бұл шара Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында мәңгілік алау ескерткіші алдында өтіп жатқаны өте дұрыс. Ауған соғысының ардагері ретінде оларға денсаулық тілеймін. Қажет болған жағдайда әскери борышын үздік өтеп, өз Отанының жақсы қорғаушысы болсын деймін.
СНХ: ӘДІЛ ДАНЬЯРОВ, САРБАЗ: Оқытушылар құрамына, мектеп директорына, офицерлерге жұмысқа, әскерге шақырылушыларға жақсы қарым-қатынасы үшін алғысымды білдіремін. Әскери-техникалық мектебінде көп тәжірибе алып, денсаулығымызды жақсарттық. Жастарға әрқашан өз Отанын құрметтейтін лайықты адам болсын деймін.
РКС: Еліміздің әрбір ер азаматының міндеті – өз Отанының қорғаушысы болу. Бүгінгі гүл қою, сондай-ақ ант қабылдау рәсімдері жерлестерімізге, жастарымызға Отан алдындағы борышын ұмытпауды еске салады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.