ДИКТОР: Көкшетауда кәсіпкерлік қызметке әсер ететін өзекті құқықтық мәселелер талқыланды. Спикерлер бизнестің негізгі проблемалары туралы айтып, оларды шешу жолдарын қарастыруды ұсынды. Талқылауға мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпкерлер, заңгерлер, сарапшылар және салық қызметінің мамандары қатысты.
РКС: 20-дан астам қатысушы бизнесті құқықтық қорғауды жақсарту және кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша басты өзекті мәселелерді талқылады. Ұйымдастырушылар бизнесмендер алдында тұрған бюрократиялық, құқықтық проблемалар бар екенін атап өтті.
СНХ: АЛМАТ ТҰҚМАҒАНБЕТОВ- "RESPUBLICA" ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің партия 2023 жылы құрылған сәттен бастап бизнес пен халықтың құқықтарын қорғау бағытында жұмыс істеп келеді. Шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп отырмыз. Олар күн сайын түрлі бюрократиялық, заң тұрғысынан келеңсіз сәттерге, әкімшілік кедергілерге тап болады. Бүгінгі таңда біз әкімшілік кедергілерді көріп отырмыз. Сондықтан дөңгелек үстел алаңында біз барлық мүдделі мемлекеттік органдарды шақырып отырмыз.
РКС: Өңірде 150 мың адам шағын және орта бизнесте жұмыс істейді. Мемлекет субсидиялау, мүліктік қолдау, салықтық жеңілдіктер түрінде көмек көрсетеді. Бірақ жеке кәсіпкерлер өз мәселелерін өз бетінше шеше алмайтын жағдайлар бар және олар заңгерлердің, сарапшылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр.
СНХ: ВАЛЕНТИНА ГЕРАЩЕНКО – ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС - ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Өтініштердің ең көбі 2024 жылы жер қатынастарына байланысты түскен. Олардың саны 350 - ге жуық. 37% - жерге байланысты. Зардап шеккен көптеген кәсіпкерлер бар. Олардың бәрі фермерлер, саны 150-ге жуық. Оларға облыстың жер қатынастары департаменті шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыз берілген. Сол кәсіпкерлер, шағын шаруа қожалықтары, жеке шаруашылық серіктестер жер учаскелерін ала алмады. Мәселе бір кездері әкімдіктер жерді дұрыс тәртіппен бермегендіктен туындады. Бұл ауылдық округтер әкімдіктерінің заңнаманы толық білмеуі салдары болуы мүмкін.
РКС: Қатысушылардың сөздерінен кейін ашық пікірталас өтті. Онда іс-шараға қатысушылар пікір алмасты, мәселелерді талқылады және кездесу тақырыбы бойынша шешімдер ұсынды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.