ДИКТОР: Көкшетауда Ұлттық құрылтай шешімдерінің іске асырылуы және оған қоғамдық қатысу және бақылау мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының Ұлттық сараптама алаңының отырысы өтті. Еліміздің тұрақты дамуында өңірлердің орны ерекше, - дейді қатысушылар

РКС: Бурабайда Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өңірлердің символдық маңыздылығын тануға негізделді. Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Нұрлан Сақуовтың айтуынша, бюджеттік дербестікті арттыру және орталықсыздандыру өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына айналды.

СНХ: НҰРЛАН САҚУОВ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда біздің экономикамыздың болашағы үшін драйверлер мен негіздер ретінде нақты өңірлерді айқындады. Яғни, бізге мықты, экономикалық тұрақты аймақтар қажет. Өңірлер деңгейінде, атап айтқанда Ақмола облысының өз басым бағыттары бар. Ақмола бойынша бұл бірінші кезекте туризм. Мемлекет басшысы бұған жеке тоқталды. Әрине, аграрлық, индустриялық салалар.

РКС: Жеке топта қатысушылар мемлекеттік бастамаларды іске асырудағы қоғамдық бақылаудың рөлін талқылады. Бұл тетіктер жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін, бастапқы мақсаттарға сәйкестігін және бюджет қаражатын тиімді пайдалануды бағалауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қоғам мен мемлекет арасындағы кері байланысты күшейтеді.

СНХ: ҚАБДУӘЛИ ҚҰЛЫШЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Нысандарға біз тек өзіміз барып қана қоймай, басшыларды да олар туралы не айтып жатқанын тыңдауға шақырамыз. Мәселен, оларда қандай жақсы жақтар, қандай кемшіліктер бар дегендей. Сондықтан біз мұның бәрін міндетті түрде ескереміз. Егер қандай да бір маңызды сұрақтар туындаса, біз мұның бәрін облыс басшылығына жеткіземіз.

РКС: Соңында қатысушылар азаматтық қоғам билікпен диалогқа белсенді қатысуы керек екенін атап өтті. Бұл бастамалар мен өзгерістерді іске асыруда ашықтықты қамтамасыз етеді және жүргізіліп жатқан реформаларға деген сенімді арттырады.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ