ДИКТОР: Астрахан ауданы жыл сайын көктемде қарбалас күйге енетіні белгілі. Мұнда Қалқұтан өзеніне жақын орналасқан бес ауданнан су келеді. Былтырғыға қарағанда, қауіптің қарқыны төмен, - дейді жергілікті тұрғындар. Су тасқынының зардабын жоюға облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлері бар күш-мүмкіндіктерін жұмылдырды. Дегенмен, 4 елді мекенде, атап айтсақ, Ескі Қалқұтан, Ягодное, Қаракөл, Жаңа Қалқұтан ауылдарына жол қатынасы әлі қалыпқа келген жоқ. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Топан су Астрахан ауданын биыл да айналып өтпеді. Қалқұтан өзені арнасынан шығып байланысты бірқатар елді-мекеннің жолын су шайып өтті. Бұдан бұрын күрделі ахуал Ескі колутон ауылында байқалды. Мұнда көлік қатынасы толық тоқтатылған. Дәл қазір су деңгейі бәсеңдеп келеді. Жалпы мұндағы жергілікті халықтың көңіл күйі бірқалыпты. Олар әзірге эвакуациялаудан бас тартып жатыр. Тұрғындарға қайық арқылы қажетті тұрмыстық заттар жеткізілуде.
СНХ: БАҚЫТЖАН АЛАШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Енді ол жақтың халқы мына суды жылма-жыл көрген. Бас тартты эвакуациядан. Өзен деңгейі түсіп келеді. Ана жылмен салыстырғанда көптеген жұмыстар атқарылды. Осы келе жатқанда, біз Атбасардан келе жатырмыз. судың деңгейі ол жақта да түсті. Бар күшімізді салып жатырмыз. 750-дің үстінде жан-жақтан көмек көрсетілуде, Астананың төтенше жағдайлар департаменті, Қарағандыдан, әскери құрылымнан біздің қызметкерлер көмек көрсетуде.
СНХ:ЕРМҰРАТ БЕЙБІТХАНҰЛЫ: АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Биылғы мына тасқынды алдын-алу шаралары ауылдық, аудандық өте жоғары деңгейде өтті. Аудан тұрғыны ретінде айтатын болсақ, қардың көп түсуіне байланысты былтырғыдай тасқын қаупі болды, бірақ аудан әкімдігінің шарасы , ауылдық кәсіпкерлердің көмегімен , ауыл тұрғындары бәріміз жұмыла, мына арықтарды тазартуға, қарды шығарып тастадық, сол жұмыстардың нәтижесінде тасқын болған жоқ.
СНХ:ЮРИЙ ПЕЛИХОВ, АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар қаңтардан бастап жүргізілді. Елді-мекендерде қар шығарылды. Биыл су тасқыны былтырғыдай емес. Зардап шегушілер аз. Мәселен, уақытылы атқарылған шаралардың арқасында биыл үйім өткен жылғыдай су астында қалған жоқ.
STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Ал жергілікті билік өкілдері мұндағы жағдай бақылау үстінде, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған екенін жеткізді.
СНХ:ТАЛҒАТ ЕРСЕЙІТОВ, АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Қалқұтан өзенінде су деңгейі көтерілуі салдарынан Ескі Қалқұтан ауылындағы Желтоқсан және Кенесары көшелерінде орналасқан тұрғын үйге су кірді. Қазіргі уақытта төтенше жағдай қызметкерлері, азаматтық қорғаныс және жергілікті атқарушы органдардың күшімен жұмыстар атқарылып жатыр. Су тасқыны аймағында орналасқан барлық үйлер бақылауда. Сондай-ақ Қаракөл және Жаңа Қалқұтан ауылдарының жолын су шайып кетті. Қазір тұрғындарға барлық қажетті заттар жеткізіліп, көмек көрсетілуде. Жалпы, аудан бойынша жағдай тұрақты. Су басу қаупі жоқ.
STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Айта кетейік, бұдан бұрын, құтқару жұмыстарына 70 адам мен 20 арнайы техника жұмылдырылған еді . Жағалау аймағын нығайту мақсатында 1000-нан астам қап төселді. Сондай-ақ шамамен 300 текше метр су шығарылды. Төтенше жағдай органдары мен жергілікті әкімдіктер барлық қажетті шараларды жалғастыруда .
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ