ДИКТОР: Көкшетауда хоккейден Қазақстан чемпионатының плей-офф финалдық сериясының бірінші матчы өтті. Онда жергілікті «Арлан» клубы Өскемендегі «Торпедомен» ойнады. Тартысқа толы ойынында Көкшетау командасы 9:2 есебімен жеңіске жетті.

РКС: Бірінші кезеңде «Арлан» клубы өзінің жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Көкшетау командасы қатарынан үш шайба соқты. «Арлан» клубының капитаны Федор Хорошев есепті 8-ші минутта ашты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Осы сәтте «Бурабай» спорт сарайына келген жанкүйерлер өздерінің қолдауларын арттыра түсті.

СНХ: ЕВГЕНИЙ БАРАНОВ, «АРЛАН» КЛУБЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРІ: Бірінші кезеңді 3-0 есебімен жақсы бастадық. Барлық ойындарда осылай ойнасын деймін. Ең бастысы, биыл жеңіс көп болсын дегім келеді. «Арлан» басқа да ойындарда жеңеді деп үміттенемін. Мен «Арлан» клубының жанкүйерімін, сыныптасым бұрын фанклубта болған, мені хоккейге тартқан. 2015 жылдан бастап «Бурабай» спорт сарайындағы стадионға тұрақты негізде барып жүрмін.

РКС: Екінші кезеңде Көкшетаулықтар есепті 6:0-ге жеткізіп, тағы үш шайба соқты. Матчтың осы кезеңінде Владислав Никулин, Степан Санников және Денис Чапоров гол соққан. Үшінші кезең барысында Даниил Парамонов Өскемен командасының қақпашысынан айласын асырып, 7-ші шайбаны соқты. «Торпедо» хоккейшілері Максим Мусоров пен Александр Панченко «Арланның» қақпасына екі шайба соға алды. Алайда, ойын соңында Семен Буйван мен Степан Санников есепшотты 9:2-ге жеткізді. Бұл кездесуде хет-трик жасаған Санниковты ерекше атап өткен жөн.

СНХ: НИКОЛАЙ ИВАНОВ, «АРЛАН» КЛУБЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРІ: Өте жақсы ойын. Біздің команда 10 күн ойнаған жоқ. Бас жаттықтырушы Владимир Маркелов команданы өте жақсы дайындады. Хоккейшілердің өзара көмегі осындай есепшотқа әкелді. Көкшетау хоккей державаларының ішіндегі ең кішкентай қала. Бірақ біздің жанкүйерлер өз командасын жақсы көреді, бағалайды. Кәсіби жанкүйер ретінде жеңіс бізде болады деп ойлаймын. «Арлан», тек ғана алға, тек ғана жеңіс!

РКС: «Арлан» мен «Торпедо» арасындағы соңғы серияның екінші матчы сәуірдің 9-да өтеді. Финалдың тағы екі шешуші ойыны сәуірдің 13-ші мен 15-ші аралығында Өскемен қаласында өтпек. Төрт ойында жеңіске жеткен команда ел чемпионы атанбақ.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.