ДИКТОР: Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Асыл сөзді іздесең» атты әдеби кеш өтті. Шараға жоғары медициналық колледж студенттері мен 14-ші мектеп оқушылары қатысып, Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қазақ әдебиетіне деген құрметтерін көрсетті.
РКС: Кеш барысында Абайдың шығармашылығына деген жастардың қызығушылығы ерекше байқалды. Ақынның шығармаларын сүйіп оқитын оқырмандар, жыр мүшәйраларына қатысып жүрген жастар, оқушылар және шығармашылық адамдары өз өнерелерін көрсетті.
СНХ: ҚАЙСАР ЖАМАНТАЙ, ОҚУШЫСЫ: Мен осы Абайдың өлеңдерімен кішкентайымнан таныспын. Абай атамыздың қара сөздерін өлеңдерін біз оқуымыз үшін, білуіміз үшін бізге қалдырып кеткен. Атамыздың өлеңдері өте терең ойлы, басқа бір оқығаннан қонады. Адамға түсінікті жетеді. Телефон қарайтын балаларға айтарым, Абай атамыздың өлеңдерін оқып, сайыстарға қатысқан жақсырақ.
СНХ: ДІЛШАТ МҰРАТБЕК, ОҚУШЫСЫ: Мен Абай оқуларын қатты жақсы көремін, ақындық шығармалары мен өзінің өлеңдерін бізге мұра қылып тастап кеткен. Біз осы кітаптарды оқып, білімге деген тәрбиеге қызығушылықтарымыз көбейіп, тәрбиелі болып, білімімізді шыңдап, жетістіктерге жетсін деп өлеңдерін мұра етіп тастап кеткен.
РКС: Кештің ерекшелігі қатысушылар Абайдың тек шығармашылығын талқылап қана қоймай, оның өмірі мен дүниетанымына да терең бойлады. Қатысушылар Абайдың әжесі Зере мен бала Абайдың әңгімесінен қойылым көрсетті. Бұл қойылымда Зере мен Абайдың арасындағы сұхбат арқылы ақынның балалық шағындағы тәрбиесі, әлемге деген көзқарасы мен философиясы көрсетілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: РУСТАМ БАЙКЕНОВ, ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ: Бала кезімде "Өлсе өлер табиғат, адам өлмес" деген өлеңін оқыған болатынмын. Осы өлең арқылы қандай дос жақсы, қандай дос жаман, өмірге деген көзқарасым өзгеріп, білімге деген құштарлығым артып, Абайдың тер төгіп жазған қара сөздерін оқып, осы арқылы терең ой түйіп, жолдастарыма да Абайдың өлеңдерін айтып, білімге құштарлықтарын арттырған болатынмын.
РКС: Шараның соңында Абайдың рухын әнмен құрметтеу үшін «Шаңырақ» хорының жетекшісі Тошкен Амангелді мен хор әншісі Жаукенов Жетпіспай «Айттым сәлем Қаламқас» әнін орындап, кешті әсем әнмен әрледі. Қонақтар мен қатысушылар Абайдың әндерін тыңдап, ұлы ақынның шығармашылығына деген шексіз құрметтерін білдірді.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ