ДИКТОР: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде "Заң мен тәртіп" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Заң кафедрасының ұстаздары мен құқық қорғау саласының қызметкерлері студенттерге заңның үстемдігі, алаяқтықтың алдын алу тақырыбында көптеген ақпарат берді.

РКС: Дөңгелек үстелге шақырылған студенттер болашақ заңгерлер. Оларға жоғары оқу орнының ұстаздары "Заң мен тәртіп" қағидатын жан жақты түсіндірді. Еліміздің әр тұрғыны құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілікті сезінуге маңызды. Және әр қазақстандықтың еліміздің Заңына деген құрметі басым болуы шарт.

СНХ: ДИНАРА МУСИПОВА, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Студенттердің құқықтық сананы көтеруге, заңдылықты сақтауға, қоғамдағы тәртіпті сақтаудың маңыздылығын көрсету. Осы іс-шарада студенттердің білімінде, құқықтық санасының көтерілуіне үлкен үлес қосады деген сенімдемін.

РКС: Білім беру мекемелерінің, құқық қорғау органдарының және қоғамдық ұйымдардың заңдарды сақтауға, сыбайлас жемқорлықпен күресуге және қоғам өміріне белсенді қатысуға дайын жауапты азаматтарды тәрбиелеуде бірлескен жұмыс істеу қажеттілігі айтылды. Құқық қорғау саласының қызметкерлері алаяқтықтың алдын алу тақырыбында бірнеше бейнеролик көрсетті.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, КӨКШЕ АҚПАРАТ