ДИКТОР: Қала тазалығын сақтау әрбір азаматтың парызы деп түсінген Қосшы қаласының тұрғындары әр бейсенбі «Таза бейсенбілікке» шығып тұруды әдетке айналдырған. Қала тазалығына 100-ге тарта адам өз еркімен шыққан. Қар кетісімен қала ішін қоқыс пен қалдықтан тазарту жұмысы жүргізілуде. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.

РКС: Қала көркінің шырайын кіргізетін әсем ғимарат болса, жайнаған қалпын аша түсетін оның тазалығы болмақ. 21-ші еңбек маусымына қатар келген акция аясында Қосшы қаласының тұрғындары «Таза бейсенбілікке» шықты. Сонымен қатар қала ішін абаттандыруға қазіргі қала бюджетінен қаражат бөлінген.

СНХ: НҰРЛАН САДЫРОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі уақытта қардың еруіне байланысты қоқыстарды бұл жерден шығарып жатыр. Біз енді қала әкімінің бұйрығымен апта сайын таза сенбілік жүргізудеміз. Ең бірінші сенбілік осы алдындағы аптада өтті. Осы сенбілікке 100-дей адам шықты осы сенбілікке қатысып. 5 тоннадай қоқыс шығарылды. Осы жұмыс жалғасуда қазіргі уақытта. Келесі сенбілікке осы халықпен бірге шығамыз деп ойлаймын. Абаттандыру бойынша осы жылға қаражат қала бюджетінен бөлінеді. Осы жылы ағаш отырғызу, гүл отырғызу жұмыстары да басталады деп ойлаймын.

РКС: Табиғатты аялау мен қорғауға арналған науқанда қала тұрғындары белсенділік танытуда. Тазалыққа 10 шақты бірлік техника мен қарапайым халық қатысты. Қолдарына тырма және сыпырғыш ұстаған жандар бейсенбілікке бел шешіне кірісті. Солардың бірі қала тұрғыны- Мұрат Баймашев.

СНХ: МҰРАТ БАЙМАШЕВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Енді мынау қаламыздың тазалығына ат салысып, қаламыздың тазалығына барша көмегімізді беріп жатырмыз.Сол қаламызбен бірге өркендеп,өсіп, көркейіп жаңара берейік.

РКС: «Таза бейсенбілік» апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мақсаты азаматтардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастырып, қоршаған ортаға қамқор болуға үйрету.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ