ДИКТОР: Көкшетау қаласының 5510 әскери бөлімшесінде 30 жыл бұрын Пшихавр шатқалындағы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан әскерилерді еске алу аясында шара ұйымдастырылды. Тілшіміз баяндайды.

РКС: 1995 жылы сәуірдің 7-інде тәжік-ауған шекарасында содырлармен болған қарулы қақтығыста 17 қазақстандық қаза тауып, 30-дан аса сарбаз жарақат алған. Жауынгерлерді еске алуға арналған шараға аталған қақтығыстың қатысушылары келіп, ескерткішке гүл қойды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, «АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНІҢ ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жыл сайын осы шараны өткізіп жатамыз. Бұл іс-шара жалғыз біз үшін ғана емес, жасөспірімге керек. Бұдан басқа мына жерде әскери-патриоттық клубтар бар, оларға керек болады. 5510 әскери бөлімшенің оқитын сарбаздарға соны көрсетуіміз керек. 15 ақпан, 7 сәуір, 7 мамыр, 9 мамыр күндері бүкіл жастарды баулап, соларға тарихтың оқиғаларын айтып жүреміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын дейміз. Не болса да, Қазақстан еліміздің көк туы желбірей берсін.

РКС: 30 жыл бұрын 7-ші құрама бітімгершілік ротасы содырлардың кенеттен қарулы шабуыл жасауына тап болды. Қарсыластың басымдық күшімен болған бес сағатқа созылған жанжал барысында жауынгерлеріміз әскери борышын абыроймен орындап, әскери антқа адал болды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен қаза тапқан жауынгерлердің бесеуі 2-ші дәрежелі «Айбын» төсбелгісімен, он екеуі «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

СНХ: ТАЛҒАТ ҚАДІРЖАНОВ, ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСҚА ҚАТЫСҚАН АРДАГЕР: Қазақстанның 15 сарбазы бақилық болды, 33 сарбаз жаралы болып. Сол жерде 5 сағатқа дейін соғысып, 1 метрде мыңнан артық оқ өтті, свинцовый дождь деп айтады. Біздің қазақтың әскери құрама штатының сарбаздары жауларының беттерін қайтарып, шекарадан өткізбейді. 7 сәуір еске алу күні, ерлік күні деп айтылады. Сол жігіттерді еске алуға келіп отырмыз.

РКС: Осы күн еліміздің тарихында қайғылы күн болып мәңгілік есте қалды. Құрама рота жауынгерлері тәжік-ауған шекарасын ерлікпен күзетті. Қаза болған жауынгерлер мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтау үшін өз өмірлерін аямады. Мұндай іс-шаралар елімізде жастардың рухын оятуда зор маңызға ие.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.