ДИКТОР: Көкшетау қаласы мен Красный Яр ауылының арасын жалғайтын тас жол тар. Оны кеңейту қажеттігін тұрғындар айтып жүргелі бірнеше жыл болды. Ой-шұңқыры көп жолды биыл да кеңейтпейді. Оған қазынадан қаржы бөлінген жоқ. Жыл сайын жүргізілетін ағымдағы жөндеуден пайда жоқ. Өйткені уақыт ұзамай ол жол тағы да тесіледі,- дейді тұрғындар.
РКС: Көкшетау қаласының тұрғыны Дархан Ақтаев Көкшетау Красный Яр тас жолымен жиі жүреді. Ойдым-ойдым жолда көлік жиі сынады. Темір тұлпардың гранатасы мен өзге де саймандарын жиі жөндетемін дейді. Ал қосалқы бөлшек пен қызмет ақысы қымбат.
СНХ: ДАРХАН АҚТАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жол узкий болса да кучкалары нашар жаман. Түнде келе жатқанда көрмей қаласың, кучкалары жаман. Сосын машиналар сына бастайды. Басында жақсы еді жол. Сосын бүлініп-бүлініп жаман болып кетті. Жолдың жағдайы өте нашар. Пробка болады. Өйткені машиналар пробкадан ақырын өтеді ғой. Мысалы светофорда 15 машина өту керек. кочка үшін 5-6 машина ғана өтеді.
РКС: Жыл сайын жүргізілетін тас жолдағы шұрық тесікті бітеу мәселені шешпейді. Бұл арадан үлкен жүк көліктері, жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен жеңіл көліктер өте көп жүреді.
СНХ: АМАНБАЙ ЫБЫРАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жол өте нашар, тар, вообще баяғыда капитальный істеу керек еді. жылда жылда обещают, масқара ғой. это че за ямочные работы, ескі асфальтты салып жатыр. Жан жаққа шашырап жатыр. Толку нету от этого ремонта. Куром на смех дейді ғой.
СНХ: МАХАББАТ ӨСЕРБАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы жол тар. Көліктер жүруге нашар, жолдар соғылған, основаниесі жоқ. соғылып, қаншама авария болды ғой. өте тар жол, жүре алмайды ешқалай. көріп тұрмыз техника келді. бірақ қалай істейді білмейміз.
РКС: Аталған тас жолға биыл да тек орташа жөндеу басталуда. Жолдың кей бөлігі ғана 1-1,5 метрге дейін кеңейтілмек.
СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жол айырылысынан бастап Краснаяр ауылына кіре берісіндегі көпірге дейін көпірге дейін жөнделетін болады. Ал Әуезовтен бастап жол айырылысына дейін ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады. скл: Негізі жолды кеңейту туралы жоба қаралған болатын. Алайда бұл жобаның сомасы үлкен болғандықтан бірнеше жылдан бері өтінімдер беріліп жатыр. Алайда қаржы бөлінген жоқ.
РКС: Өңірдің тіреуші саласының бірі туризм. Курортты аймаққа туристерді тарту үшін жолдың сапалы болуы өте маңызды. Тұрғындар халық үніне құлақ асатын Үкімет бұл мәселені созбалаңға салмай шешеді,- деп сенеді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ