ДИКТОР: Салық кодексінің жаңа жобасы бірқатар жеңілдіктерді алып тастауды көздейді. Қазір елімізде осы арнайы салық режимімен 2 миллионға жуық кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Үкімет бұл мүмкіндікті тек кейбір қызмет түрлеріне қалдыруды ұсынады. Осылайша, салық реформасы шағын бизнес үшін үлкен кедергілер тудыруы мүмкін. Мәселені жергілікті кәсіпкерлермен кездесуде өңірге іссапармен келген Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов талқылады.

РКС: "Республика" партиясының депутаттары Үкіметке барлық кәсіпкерлерге «оңтайланған режімде» жұмыс істеу мүмкіндігін қалдыруды ұсынды. Бүгінде аталған режимде жұмыс істейді кәсіпорындарды қысқарту жоспарлануда. Ай сайынғы шығындар, әсіресе кірісі төмен кәсіпорындар үшін үлкен жүктемеге әкеп соғуы мүмкін. Бұл көптеген кәсіпкерлердің табысын жасыруға немесе тіпті нарықтан кетуіне әкеліп соғу ықтимал.

СНХ: АЙТУАР ҚОШМАМБЕТОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Енді ең маңызды сұрақтардың бірі – бұл жеңілдетілген салықты, яғни «упрощенканы» осы 3 % салықты жою туралы ұсыныс берілді. Яғни бүгінгі таңда елімізде 1 миллион 900 мың адамдай осы жеңілдетілген салық режимінде жұмыс жасайды., одан бөлек, елу екі мыңдай кәсіпкер бөлшек саудасын пайдаланып жүр. Алайда өкімет өзінің ұсынысында осылардың бәрін қысқартып, тек қана осындай 40 бизнес түрлеріне ғана осы жаңа жеңілдетілген салыққа ғана рұқсат беріп жатыр. Бұл дегеніміз кімдер? Бұл екі мың шаршы метрге дейін сауда, яғни, азық-түлік саудасы, одан басқа киім-кешек саудасы, екіншіден бұл қонақүйлер, қонақжайлар, хостелдер, ал үшіншіден: бұл қоғамдық таамақтану орындары: яғни, кафе-ресторандар, асханалар.

РКС: Салық реформасы кері салдарға әкеп соқтыруы мүмкін деп санайтын бірқатар бизнес өкілдері өз пікірлерін жеткізді. Гүлбану Магавина –білім беру орталығының жетекшісі, облыс орталығында балаларды оқытады.. Оның айтуынша, жеңілдетілген салықты алып тастаған кезде бизнес біршама зардап шегеді.

СНХ: ГҮЛБАНУ МАГАВИНА КӘСІПКЕР: Біз үш жылдан бері балаларды білім беру саласында оқытып келеміз. Енді қазіргі таңда бүгінгі күні өте өзекті мәселе қоғалып отыр. Ол – салық режимінің өзгеруі. Егер де бұл Заңға өзгерістер енгізілер болса, әрине бұл біз сияқты жеке кәсіпкерлерге қиын, ауыр тиеді. Ең алдымен бізден білім алушыларға бағаларын өсіруге мәжбүр боламыз. Себебі, салықтың құны күрт жоғарылайды..

РКС: Ақмола кәсіпкерлері депутаттардың ұсынысы Үкіметте одан әрі қолдау алатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, кездесуде білім беру, мәдениет және сауықтыру демалыс нысандарына салық салу тақырыптары қозғалды.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАК ТЛЕУГАБЫЛОВ, КОКШЕ АКПАРАТ.