ДИКТОР: Щучинск қаласында жүзуден ашық республикалық турнир өтті. Оған 600-ден астам жас спортшы қатысты. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.
РКС: Щучинск қаласында жүзуден «Swim Feels Cup» республикалық турнирі үшінші рет өтуде. Биылғы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 10-15 жас аралығындағы спортшылар, сондай-ақ Ресей Федерациясының командасы да қатысты.
СНХ: ПАВЕЛ ПАВЛОВ, «SWIM FEELS» ЖҮЗУ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Көптеген командалар қатысуда. Барлық қатысушылар өздерін, жақсы нәтижелерін көрсетуге дайын. Барлығына сәттілік, шыдамдылық, ұмтылыс және үлкен табыс тілейміз.
РКС: Республикалық жарысқа жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2022 жылғы Дүниежүзілік Гимназиаданың күміс жүлдегері, жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионы Ксения Игнатова келіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
СНХ: КСЕНИЯ ИГНАТОВА, ЖҮЗУДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Осы жарысқа екінші рет келіп тұрмын. 2023 жылы өткізілген бірінші турнирде де болдым. Бұл жарыстардың ұйымдастырылу, өткізілу деңгейі өте жоғары. Бұл Қазақстандағы балалар мен ересектер үшін ең жақсы бастама екені сөзсіз. Мұндай жарыстардың өткізілгеніне, мені осында шақырғаныма да өте қуаныштымын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.
РКС: «Swim Feels Cup» турнирі Қазақстанда жүзудің дамыту үшін маңызды оқиға ғана емес, сонымен қатар түрлі елдердің жас спортшылары арасында тәжірибе алмасу алаңы екені сөзсіз. Қатысушылар өздерінің дағдылары мен жеңіске деген ұмтылысын көрсете отырып, 25 метр қашықтықта бақ сынады.
СНХ: НҰРДӘУЛЕТ ҚАРШЫҒА, ЖҮЗУШІ /ҚЫЗЫЛОРДА/: Жүзуге қатысып жүргеніме 2 жылдай болып қалды. Мен жүзуге негізінде ата-анам алып келген. Менің болашақтағы арманым Дмитрий Баландин сияқты атақты жүзу спортында орын алу. Осы спорт маған қатты ұнайды. Спортпен айналысу өте жақсы деп ойлаймын. Денең шынығады.
СНХ: АРТЕМ КИМ, ЖҮЗУШІ /АСТАНА/: Бұл өте ауқымды жарыс. 600 адам келді. Бүгін үздік үш спортшы қатарына кіруге дайынмын. Ол үшін бар күшімді саламын. Бірінші ересек разрядты алуға тырысамын. Жарысқа шамамен үш ай бойы дайындалдым. Қостанайда өткен жарыстардан кейін келіп, дайындыққа кірістім. Мен әлем чемпионы болуды армандаймын.
РКС: Жарыс нәтижесінде 236 ұпай жинап, Атырау облысының құрамасы 1-ші орынды иеленді. 222 ұпаймен Қызылорда мен Астана 1 командалары екінші жүлделі орын алды. 219 ұпаймен Қостанай облысының құрамасы үшінші орынға тұрақтады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.