ДИКТОР: Көкшетау қаласының облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде ашық есік күні өтті. Бұл күні жақындары мен туыстары қоныстану колониясының сотталушыларымен кездесуге келді.

РКС: Бүгінде № 6 мекемеде 176 сотталушы жазасын өтеп жатыр. Бұл күні олар жақындары үшін концерттік бағдарлама дайындады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: БАҚЫТГҮЛ САПИХАНОВА, СОТТАЛУШЫ: Ашық есік күні қарсаңында Шаңырақ атты іс-шара өтті. Бұл сотталғандарға туыстарымен кездесіп, сөйлесуге мүмкіндік беретін ерекше күн. Бұл мүмкіндік әрқайсымыз үшін өте маңызды, өйткені өзінің туыстарымен кездесіп, оларды құшақтауға біз үшін өте жақсы мүмкіндік.

РКС: Мекеме басшылығы мұндай кездесулер, ең алдымен, сотталғандарға қажет дейді. Осындай іс-шаралардың арқасында олар өмірдің тоқтамағанын түсінеді. Шынында да, тордың арғы жағында оларды күтіп отыратын жандар бар.

СНХ: РУСЛАН ҚОСБАЕВ, № 6 МЕКЕМЕНІҢ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік-пайдалы байланысын сақтау мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды. Отбасы осындай қолайсыз өмірлік жағдайға тап болған жақындарына психологиялық көмек пен қолдау көрсетеді. Мұндай іс-шаралар, әрине, сотталғандарға жазаны одан әрі өтеуге көмектеседі.

РКС: Концерттік бағдарламадан кейін дастарқан жайылды. Айта кетейік, мекеме әкімшілігі ашық есік күндерін жыл сайын өткізеді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ