ДИКТОР: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан жоғары курс студенттерін жұмыс берушілермен кездесті. Соңғы курс студенттерінің басым бөлігі педагогикалық мамандықтарда оқитындар.
РКС: Іс-шара студенттердің құқықтық мәдениетін ілгерілету, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, өңірдің білім беру мекемелеріндегі бос орындармен танысу, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау мақсатында ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта «Серпін» бағдарламасы бойынша 319 білім алушы бар. Ал өңірге 163 педагогикалық маман қажет. Мектептерде, әсіресе, химия, физика, математика, тарих, бастауыш сынып және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне қажеттілік бар. Аймақта қазір 358 білім алушы әкім грантымен оқуларын жалғастыруда.
СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Былтырдан бастап 2024 жылы біздің өңірде Ақмола облысы бойынша осы Серпін бағдарламасын сапалы іске асыру үшін,жобалық кеңсе, офис ашылғанды. Біз студенттерге сапалы білім беру, жағдай жасау, ал одан кейін,бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру. Ол енді акиматтармен бірге бірлесіп, ол осында біздің өңірде, солтүстік өңірде қалу үшін. Бүгінгі кездесудің мақсаты-біз Ақмола облысының райондан, қаладан орта мектептердің,колледждердің, білім басқармасынан шақырып, бұл мәселені талқылап, біздің бітіріп жатқан 4-курс «Серпін» бағдарламасы бойынша кездесу өткізіп, консультация жасап және алдын-ала меморандумға қол қою.
РКС: Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстанның шығыс және солтүстік өңірлеріндегі кадрлар тапшылығы азайту. Кездесуге аудандардан, қалалардан келген әлеуетті жұмыс берушілер де қатысты. Білім алушылардың «Дипломмен ауылға» бағдарламасының да пайдасын көруге мүмкіндігі бар. Атап айтсақ өткен жылы 55 маманға 431 миллион теңге көлемінде бір реттік тұрғын үй көтерме қаржысы берілген.
СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін бізде облыс бойынша жалпы мамандыққа сұраныс 163-ті құрайды. Жалпы бүгінгі күні 536 жалпы білім беретін мектептер бар. Енді оның ішінде ең көп қажеттілік бүгінгі күні орыс тілі мен әдебиетіне-31 ді құрайды. Одан кейін бастауыш сынып, ағылшын тілі, мұғалімдеріне қажеттілік бар. Сонымен қатар физика, химия,тарих пәндеріне қажеттілік бар. Облысымыздағы қажеттілік мамандықтары бар мектеп директорлары мен білім бөлімінің әдіскерлері қатысады.Жыл сайын бізде 350-400 көлемінде жас мамандарды білім ұйымдарына жұмысқа қабылдаймыз. Жалпы статистикаға тоқталатын болсақ, 3 жылдың ішінде 1800 ден астам жас мамандар біздің мектептерге жұмысқа орналасты.
СНХ: АЙТОЛҚЫН СӘРТПАЙ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен Түркістан облысы Түлкібас ауданы балықты ауылының тумасымын. Бізде, Көкшетау қаласында Шоқан Уәлиханов университеті «Серпін» 2050 жобасы аясында бізге осындай «Серпін» бағдарламасын ұсынған болатын. Яғни, жастарды осындай мамандандыру жағынан болсын, бізге жатақхана бөлінді және де университет аясында көптеген бағдарламалар болсын, волонтерство болсын жағынан жұмыс жасап жатырмыз. Серпін 2050 бағдарламасымен үлкен жетістіктерге қол жеткізген болатынбыз.
РКС: Естеріңізге сала кетейік, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға" - "Серпін – 2050" мемлекеттік бағдарламасы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы оқу жылында бағдарлама аясында 377 түлек оқуын аяқтайды. Қазіргі таңда университеттегі білім алушылардың 37-сі жұмысқа орналасу бойынша жұмыс берушілермен арнайы келісім-шарт жасасқан.
ИНТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ