ДИКТОР: Өткен демалыс күні таң ата облыс тұрғындары орталық алаңға асықты. Арнайы жоспарланған ауылшаруашылық жәрмеңкесі халықты әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Онда ет және азық-түлік тауарлары халық сұранысы бойынша көп мөлшерде ұсынылды. Жәрмеңкеде болып қайтқан тілшімімз Тоғжан Байменова баяндайды.
РКС: Шара барысында аудандардан келген өнідрушілер жоғары сапалы өнімдерді қала тұрғындарына қолжетімді бағамен саудаланды. Жәрмеңкенің барысын облыстық әкімдік өкілдері бақылап жүрді.
СНХ: ЕРНАР ЖАРКЕШЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл халыққа деген бір жақсы шара. 12 ауданнан облстың келіп отыр. Алыс-жақын жерден. Шаруалар өзінің ауыл шаруашылық өнімдерін осы жалпы нарықтың 10-15 пайызынан төмен ұсынып отыр. Ең басты мақсат – осы халқымызға жалпы, Көкшетау емес, жалпы халқымызға осы жерде ауыл шаурашылық өнімдерін посредниксіз, төмен бағамен сапалы түрде сату. Бұл жерде ең басты мәселе әрине сапа. Сондықтан ветеранрия, бәрін қатаң қадағалап отыр. Осындай шараны біз өткен аптада ұйымдастырған болатынбыз. Жақсы жәрмеңке болды.
РКС: Ақмола облысы әкімінің орынбасарының айтуынша, жәрмеңкеге шамамен 100 миллион теңгенің өнімі қойылған. Сонымен қатар, өткен жәрмеңкеде халық сұрансысын ескерген ұйымдастырушылар, осы жолы ет өнімдерін көптеп әкелген. Осындай шаралардың жиі өткізілуі тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар өнімдермен арзан бағамен қамтамасыз етуге жақсы көмек.
СНХ: ПАВЕЛ РУБАСОВ, ОМАРТАШЫ: Бал сатып жатырмын. Пастикамен айналысамын, өзімде аралар бар. Павлодар, Семей қалаларына, Қазақстанның түкпір түкпіріне, барып өнімдерімді ұсынамын.
СНХ: ВАЛЕРИЙ МЕНГУЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жәрмеңке керемет өтуде. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер өз тауарларын әкеліп ұсынып жатыр. Бұл жақсы ғой. Бізге де, оларға да. Делдалдарсыз пайда көріп отыр. Өзім ет алуға келіп тұрмын. Барлығына көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.
РКС: Жәрмеңкеде сатылған өнімдердің барлығы өзіндік құнымен сатылғандықтан, өздеріне керек азық-түлікті тиімді бағада сатып алған тұрғындар ұйымдастырушылар мен өз өнімдерін ұсынған өндірушілерге алғыстарын жеткізді.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ