ДИКТОР: Атбасар ауданындағы Жабай өзеніндегі су деңгейі төмендеді. Жағдай тұрақты. Даладан келетін еріген су көлемі айтарлықтай азайды. Қазақстан көшесінің айналма каналындағы су деңгейі де төмендейді. Коммуналдық қызметтер, төтенше жағдай қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік жағдайды бақылауда ұстауды жалғастыруда.

РКС: 20 наурыздан бастап Атбасар ауданының аумағында облыстық және аудандық маңызы бар 10 автомобиль жолында су асып кетуі тіркелді. Жергілікті жерлерде тәулік бойы азаматтық қорғау күштері мен құралдары, оның ішінде 142 адам және 76 бірлік техника кезекшілік етеді.

СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ – АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Атбасар ауданына 34 экскаватор, 2 бульдозер, 1 эксковатор Амфибиясын жіберілді. Олар қысқа уақыт ішінде, қыста үлкен жұмыс атқарды. Шамамен 6 км өзен түбін тереңдету және түбін кеңейту жұмыстары жүргізілді. Бұл бізге судың жылдам өтуіне мүмкіндік берді. Кептелістер және мұз жиналатын тар жерлер болған жоқ.

РКС: Атбасар ауданының әкімінің айтуынша, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, өңір тұрғындары, төтенше жағдай қызметкерлері мен әскери бөлім үлкен қолдау көрсеткен.

СНХ: ЕРБОЛ ЖАМБЕКОВ- КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 99265 Ж. ӘСКЕРИ БӨЛІМІ БРИГАДАСЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Атбасар қаласына көктемгі ағын судың алдын алуға бағытталған шараларға көмек көрсету үшін келдік. Біз келгенімізге 3-ші апта болды. Бөгетті, тұрғын үй секторларын және әлеуметтік нысандарды нығайтуға көмек көрсетеміз. Таңнан түнге дейін жұмыс істейміз.

РКС: Атбасар ауданында тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді. Атбасар қаласында Жабай өзенінің деңгейінің көтерілуіне байланысты саяжай алабы су астында қалды. Жауапты органдар бұл аумақтағы үйлерде адам тұрмайтынын және Жабай өзенінің арнасынан асуы адамдардың өміріне қауіп төндірмейтінін атап өтті. Бұл құбылыс жыл сайын болады және үнемі жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Жалпы аудан бойынша 282 су өткізу құрылыстары тазартылып, еріген суды өткізуге дайындалды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.