ДИКТОР: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2025 жылғы діни күндер кестесінде Қадір түні наурыздың 26-сынан 27-не қараған түніне белгіленген. Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде болады. Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазан айының соңғы он түні мұсылман үшін өте маңызды. Себебі Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады. Сондықтан Ислам дінінде бұл түн ерекше бағаланады. Бұл түнде таң атқанша Алла Тағаланың сәлемі жалғасады»,– делінген. Қадір түні мың айдан артық. Ораза айы келді, онда мың айдан қайырлы қадір түні бар. Кімде-кім сол түннің сауабынан құр қалса, барша жақсылықтан мақұрым қалмақ. Мақұрым адам ғана оның сауабынан құр қалады»,–деп жақсылыққа ұмтылуға шақырған. Бүгін Қадір түнін мешітте қарсы алған жандарға сәресі беріледі.
СНХ: ҰЛАН ШӘРІПОВ, НАУАН ХАЗІРЕТ МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ: Рамазан айында бірнеше мешіттерде жамағатқа мешітке келуші адамдарға ауызашар дастархандары жайылған болатын. Соның бірі осы Науан Хазірет мешітінде күнделікті 250 адамға ауызашар дастарханы жайылды. Енді бүгін Қасиетті Қадір түнінде де осы жамағатқа ауызашар дастарханы жайылады және Қадір түнін мешітте қарсы алған қаншама адамдарға сәресі дайындалатын болады. Былтырлары шамамен 3 мыңға жуық адам мешітке Қадір түнін қарсы алуға келген болатын. Биылда сондай бір дайындық жұмыстарын жасап жатырмыз.