ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша көктемгі су тасқыны кезеңінде халыққа көмек көрсетуге тартылатын волонтерлер оқытылуда. Дайындық су тасқыны салдарының алдын алу және жою жөніндегі кешенді шаралар шеңберінде ұйымдастырылып отыр.
РКС: Қазір 70 адам оқытылуда. «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділеріне, «Феникс» волонтерлік орталығының волонтерлеріне төтенше жағдай қызметінің арнайы даярлаған бағдарламасы бойынша дәріс өткізіліп жатыр. Оқыту әрбір волонтердің кез келген төтенше жағдайларға жедел және сауатты әрекет етуіне дайын болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тәуекел аймағында қалған тұрғындарға көмектесуге бағытталған.
СНХ: ӘМІР АМАНГЕЛДИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ: Су тасқыны қарсаңында еріктілерді оқыту ықтимал төтенше жағдайларға дайындықтың маңызды бөлігі болып табылады. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері облыстың волонтерлік ұйымдарының өкілдерімен екі күндік курстар өткізуде. Жалпы біздің бірлескен жұмысымыз төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жоюда іздестіру іс-шараларында және алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетуде жанасады.
РКС: Оқыту барысында ең алдымен волонтерлер су тасқыны кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерімен танысты. Эвакуациялау және алғашқы көмек көрсету әдістері, сонымен қатар жедел қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу алгоритмдерін меңгерді. Былтыр су еліміз бойынша орын алған су тасқыны кезеңінде «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері апаттың салдарын жоюда зор үлес қосты.
СНХ:АЙДАНА ӘБДІКӘРІМОВА, ВОЛОНТЕР: Бүгін біз су тасқынының алдын алуға бағытталған оқу-жаттығулармен таныстық. Бүгін бізде екінші күніміз. Яғни біз психологиялық және медициналық көмекті адамдарға көрсетуді үйрендік. Сонымен қатар көптеген оқу-жаттығуларды практикалық жүзінде орындадық.
РКС: Оқу-жаттығулар аяқталған соң белсенділер мен волонтерлерге оқудан өткені туралы және су тасқыны кезеңінде көмек көрсете алатынын растайтын сертификаттар табысталды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ