ДИКТОР: Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов бірқатар нысанда жүргізіліп жатқан құрылыстың барысымен танысты. Бұл жобалардың аймақтың дамуына қосар үлесі орасан. Солардың қатарында Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылындағы қорғаныс бөгеті. Сондай-ақ Қорғалжындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы.

РКС: Жібек Жолы ауылы су деңгейінің көтерілу қаупі жоғары аймақта орналасқан. Тұрғындарды қорғау үшін ірі қорғаныс бөгетінің құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Нысанның ұзындығы 6 шақырымнан асады. Жоба құны 2 миллиард теңгеден асып жығылады. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау 31-ші қазанға жоспарланған.

СНХ: АЛЕКСАНДР ГЕЙНИНГ, ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛЫНЛАҒЫ ҚОРҒАНЫС БӨГЕТІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Бөгеттің ұзындығы 6 мың метрден астам. Биіктігі 5,5 метрге дейін жетеді. Қазір тік жақтау жұмыстары жүріп жатыр. Бөгеттің ені төменгі жағынан 12-ден 35 метрге дейін. Жотасының ені 2,5 метр. Бөгеттің жалпы сұлбасы дайын. Бөгет арқылы өтетін үш өткел қарастырылған. Олар да дайын. Су келетін жақтан геомат төмеледі. Ол су өткізбейтін арнайы материал.

РКС: Құрылыс барысымен танысқан облыс әкімі Марат Ахметжанов мердігерлермен жұмыс қарқынын талқылап, жобаны уақытылы аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Эауыл үшін судың өтуін қауіпсіз етуді қамтамасыз етеді. Және ең бастысы Астана су қоймасына суды мейлінше шекті мөлшеріне дейн жинауға мүмкіндік бермек. Бастысы осы. Сондықтан бұл жерде қос тиімділік бар. Астана қаласының тұрғындары үшін су қоры болады. Екінші тиімді тұсы елдімекен су тасқыны кезінде зардап шекпейді.

РКС: 2023 жылдың мамырында Қорғалжын ауылындадене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталған еді. Биыл маусым айында қолданысқа берілмекші. Жобаға сәйкес спорт залы, шағын футбол және воркаут алаңы қарастырылған.

СНХ: АҚИЫҚ НОҒАЙ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Қазіргі таңда электрика, сантехника, пол, кафельный жұмыстары, әлеу жұмыстары толықтай бітіп жатыр. Қазір 70 пайыз жұмыстар толықтай біткен, енді 30 пайыз жұмыс қалды. Жылдың ортасына дейін, сентядрь айына дейін бітіреміз. Қазіргі таңда 25 адам жұмыс істеп жатыр. Енді 40 шақты адам жұмыс істейді, жұмыстарды толықтай бітіреміз.

РКС: Жоспарланған барлық жұмыс бекітілген бағдарламаға сай жүргізілуде. Оны орындауда еш кешігу болмайды,-дейді мердігерлер. Айта кетейік, әлеуметтік инфрақұрылымды қайта жаңғырту және дамыту аймақтағы басым бағыттың бірі.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ