ДИКТОР: Шаңғы жарысынан Қазақстанның қысқы VI спартакиадасы жалғасуда. Жарыстың ұйымдастырушысы Ақмола облысы. Бурабай баурайындағы шаңғы спортының республикалық базасында өтіп жатыр.

РКС: Жарыстың алғашқы күні ерлер мен әйелдер 1,4 шақырым қашықтыққа еркін жүрістегі жекелей спринтке шықты. Жарыстан соң спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Салтанатты ашылу рәсімі кезінде жүлдегерлер марапатталды. Еркін жүрістегі жекелей спринтте барлық жүлдені ақмолалық шаңғышылар еншіледі.

СНХ: СВЯТОСЛАВ МАТАСОВ, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ): Бүгінгі жарыс тым қиын болғанын мойындаймын. Ауа райы тіпті қолайсыз болды, қар еріп жатыр, трасса жылымық. Қазақстанда қарсыластар мықты екен. Соңына дейін бардым. Барлық қарсыласты, жалпы жарысты бақылап отырдым, десе де сайыстың соңында алға шығып, жеңімпаз атандым. Алда 10 шақырымдық классикалық жарыс. Одан соң командалық спринт болады. Облыстан 2 адам жарыс алаңына шығамыз. Одан кейін 50 шақырымдық эстафета. Кейбіріне қатысып, кейбірінен тыс қаламын деп отырмын. Оны енді көңіл-күйіміз бен бабымыз біледі. Қалай болғанда да командаға ұпай әкелу керек.

СНХ: НАДЕЖДА СТЕПАШКИНА, СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ): Қарсыластарым мықты болды. Финалға дейін қайтпады. Бүгін жеңдім. Бар күш-жігерімді салдым. Биылғы жылдың соңғы старты бұл. Келер жылы Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отырмын. Соған дайындалам.

РКС: Шаңғы жарысынан ұйымдастырылған спартакиадаға еліміздің 12 аймағынан 180-ге жуық спортшы қатысуда. Солардың қатарында Елизавета Толмачёва да бар.

СНХ: ЕЛИЗАВЕТА ТОЛМАЧЁВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ): Мен бірінші жарысты таңдадым. Менімен бірге жарыс алаңына Дарья Ряжко да шықты. Ол да Павлодар облысының өкілі. Ширек финалдан өтіп, жартылай финалға дейін жеттік. Жартылай финалда да бірінші жарысты жүгіріп, 3-ші болып келдім. Уақытпен санағанда финалға өттім. Бірақ, ақтық сайыста үздік үштікке ене алмадым. 5-ші болып келдім, ол да жаман емес.

РКС: Еліміз бойынша қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі қарқынды дамуда. Оған 140 мыңнан астам қазақстандық белсене қатысады. Ұлттық құрама командаларының сапында 1200-ден астам спортшы енген.

СНХ: МЕЙРАМҒАЗЫ САПАРҒАЛИЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Бұлардың арасында өзара мықтыларды тандап, жыл сайын қатарды жаңартып отыру мақсатында осы спартакиада өткізіліп отырады. Былай бір жалпы сөзбен айтқанда, Қазақстан Республикасының ішкі олимпиадалық жарысы деп айтсақ та болады. Өйткені келесі жылы, өздеріңіз білесіздер, әлем бойынша үлкен олипиадалық жарыс тұр. Осы жарыстың қарсанында екілі мықтыларды іріктеу мақсатында осы жарыстар ұйымдастырылып отыр.

РКС: Спартакиада наурыздың 26-сына дейін жалғасады. Спортшылар классикалық жарыс, эстафета, командалық спринт, аралас эстафета және масс-старт бойынша бақтарын сынауда.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ