ДИКТОР: Наурызнама онкүндігі аясында "Ақтоқты ару" атты қыз сыны байқауы өтті. Оған колледждердің 1 курс студенттері қатысты. Байқаудың атмосферасын Әріптесім Сәния Есімсейітова жеткізсін.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Көкшетаудағы 4 колледж 2 үміткерін байқауға үкілеп жіберіпті. 4 кезеңге бөлінген сайыстың алғашқысы «Мен қазақтың қызымын!» деп аталды. Онда үміткер өзін-өзі таныстыруы шарт. Қатысушы өзі туралы қызықты видео дайындапты. Екінші : "Зерделінің ойы озық» кезеңінде- қыздарға әдебиет, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар бойынша сұрақтар қойылды. «Ас адамның арқауы» кезеңінде әр қатысушы өз қолымен дайындалған тағамдармен таныстырса, соңғы «Өнерлінің өрісі кең» кезеңінде ұміткерлер өнерімен көрерменін баурап алды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ:АРУЖАН ШӘМЕЛОВА, ҚЫЗ СЫНЫНА ҚАТЫСУШЫ: Бұл байқауға мен екі жұма шамасында дайындалдым. Бұл байқау бізді ұлттық тәрбиеге ұлықтайды. Тәрбиелік мәні бар байқаудың бірі. Барлық қатысушыларға сәттілік, ал өзіме жеңіс тілеймін.
РКС: Қыз баланың инабаттылығын, парасаттылығын үміткерлер осы байқау арқылы көрерменге жеткізе білді. Бұл сайыс қыздарды қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге жетелейді.
СНХ: ГҮЛЗАЙРА СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: "Ақтоқты ару" қыз сыны байқауының мақсаты қазақ қызының бойындағы инабаттылықты әдептілікті, қазақ қызының өнерлігін, қазақ қызының білімін дәріптеу, насихаттау. Осы қыз сыны негізінде колледж студенттеріне осы барлық қазақ қызының бойындағы қасиеттерді ұлықтау.
РКС: Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Сәбина Дастанқызына бұйырды. «Арна» жоғары колледжінің студенті Аружан Шәмелова бірінші орынды еншіледі. Сайысқа қатысқан барлық бұрымды дипломдармен және Алғыс хатпен марапатталды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ