ДИКТОР: Ақмола облысы инвестициялық әлеуетті арттыруды жалғастыруда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақтың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 562 млрд теңгеден асты. Биыл инвестиция көлемін 1 триллион теңге дейін жеткізу көзделіп отыр. Өңірде экономиканы цифрландыру, өнеркәсіпті жаңғырту және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған бағдарламалар белсенді жүзеге асырылып келеді.
РКС: Облыста индустриялық аймақтар белсенді дамып келеді. Мәселен, Аршалы ауданында «Aqmola» республикалық өнеркәсіптік аймағын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Целиноград ауданында «Koyandy Industrial Park» өңірлік аймағы құрылды. Көкшетауда «Kokshe Industry» шағын индустриялық аймағы құрылды. Оған әкімдік тарапынан «Содружество» май экстракциялық зауыт құрылысына жер бөлініп отыр. Бұл зауыт алдағы уақытта Орта Азиядағы ең ірі өндіріс орынына айналады деп күтілуде.
СНХ: БАҚЫТЖАН САПАР, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға қатысты жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Атап айтқанда, Астана қаласында орналасқан «Aqmola Invest» инвестиция тарту орталығы мен инвесторларды сүйемелдеу кешені құрылды. Біздің аймақ Астана қаласына жақын орналасқандықтан, сол жерде инвесторлармен тікелей жұмыс істеп, оларға Ақмола өңірін таныстыруға мүмкіндік бар.
РКС: Өңірге инвестиция тартылған негізгі саланың бірі – өнеркәсіп. Оған шамамен 27, жылжымайтын мүлікке қатысты жасалған операциялар – 20 процент болса, көлік және қаттау 16 процентке тең. Ауыл шаруашылығы саласына 14 проценттен астам қаржы салынса, білім беру саласына 9 проценттен астам инвестиция тартылды. Ақмола облысы аграрлық өңір ретінде агросекторға инвесторларды тартуға айрықша көңіл бөлуде,- дейді мамандар.
ГРАФИКА МӘТІНІ:
Өнеркәсіп-26,7%
Жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар – 20,6%
Көлік және қаттау – 16%
Ауыл шаруашылығы – 14,2%
Білім -9,1%
Басқа салалар – 13,4%
СНХ: БАҚЫТЖАН САПАР - ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Астықты жинаумен қатар, оны қайта өңдеу керек. Терең өңдеу- бұл қайта өңделген жоғары дәрежедегі экспорттық өнім. Бұл біздің инвесторларды тартудағы басты бағытымыз. Яғни, ішкі құндылық осы аймақта қалады. Оның арқасында жоғары технологиялар арқылы қолданбалы ғылым жақсармақ.
РКС: Бұдан бөлек, былтырдан бастап Қазақстанда ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. Ол жалпыұлттық пул жобалары мен агроөнеркәсіп кешенінің жол картасын қамтиды. Биыл осы бастамалар аясында облыста 279,3 млрд теңге көлемінде 221 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ