ДИКТОР: Астрахан ауданы аумағында үлкенді- кішілі оннан астам өзен- көлдер бар. Су тасқынынан зардап шегу қаупі жылда сезілетін Ескі Қалқұтан ауылдық округінің тұрғындары. Сондықтан Қалқұтан өзенінің маңындағы елді-мекендердің төңірегіндегі сақтық шаралары өтуде.
РКС: Аудандық төтенше жағдайлар қызметі Қалқұтан өзенінің мұзын жарып, еріктілер мен жергілікті азаматтар қап толтырып, қар тазалау жұмыстарына бел буа, жең түре күресті. Мақсат- су тасқынының алдын алу.
СНХ: ЖАНАТХАН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ, ЕСКІ ҚАЛҚҰТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Қазақстан халқы қорының қаржысымен облыс және аудан әкімі қолдауымен Қалқұтан өзенінің тазалау жұмыстары өткен жылы басталған. Біздің ауылдық аймаққа қарайтын осы өзеннің ұзындығы 11 шақырым. Өзеннің жиегіндегі көп жылғы ағаштар тереңдікке бойлап кеткен балдыр толығымен тазартылды және бірнеше метрге тереңдетілді.
СНХ: ЖАНАТХАН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ, ЕСКІ ҚАЛҚҰТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Теміржолдың жанынан өтетін өзенге тікелей баратын жеріне арық жасалды. Оның ұзындығы 500 метр. Ені- 4-9 метр аралығында. Алланың қалауымен дайындық жұмыстары жасалып жатыр. Жергілікті халықтың үрейі сейілді.
РКС: Ескі Қалқұтан ауылдық округінің тұрғындары сақтықта қорлық жоқ деген қағиданы нық ұстанып, тайлы тұяғымен қар тазалау, қап толтыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ