ДИКТОР: Бүгін Зеренді ауданындағы Шағалалы ауылының тұрғындары қиын жағдайға тап болды. Қардың қатты еруінен Шағалалы өзеніндегі су деңгейі 1,5 метрге көтерілді. Салдарынан, таңғы сағат 7-де көпірдің айналасындағы топырақты су шайып кетіп, 30-ға жуық үй сыртқы әлеммен байланыссыз қалды.

РКС:Соңғы күндері ауа райы күрт жылып кетті. Салдарынансу тасқыны қаупі артты. Шағалалы өзенінің арнасында мұз кептелісі пайда болды. Күшті ағынның салдарынан мұз бөліктері көпірді шайып кетті. Дәл осы жол арқылы Нұрлы кош көшесіне қатынайтын.

СНХ: НҰРЛАНБЕК МҰХИБЕК – ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Көріп тұрғаңыздай, ар жақтағы көшесіне өтетін жалғыз көпір. Бұл көпірді былтыр ғана ауыстырған болатын жаңадан. Жыл сайын осы көпіріміз құлайды. Жыл сайын жөндейді, жаңадан істейді. Көпірдегі даже толщинаның өзі өте жұқа. Ешқандай машинамыз да ... көтереді. Қаншама техника қыс бойы жүрді, жұмыс жасаған – ешқандай толк болған жоқ одан. Бізде енді Ңұрлы қоштың адамдары осыдан ешқандай жаққа шыға алмайды. Ар жақпен жүре алмайды. Қалаға өте алмайды, ол жақта магазин да жоқ. Магазинге де өте алмайды.

РКС: Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардың көмек сұрауына жедел жауап берді. Мұз кептелісі жарылыс жұмыстарының күшімен жойылды. Осының арқасында, су деңгейі біршама төмендеді. Басты мақсат тұрғын үйлердің су басуына жол бермеу. Ауылға су кірген жоқ.

СНХ: АСЛАН МАХАМБЕТОВ, ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Нұрлы көш көшесінде 28 аула бпр. Онда 75-тен астам адам тұрады. Жергілікті билік балама жол іздеуде.

РКС:Жергілікті билік жолдарды қалпына келтіру жоспарын құруда.Ал тұрғындарға азық-түлік пен қажетті заттар қайықпен жеткізіліп жатыр. Көпір қашан қалпына келтірілетіні әлі белгісіз.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ,ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.