ДИКТОР: Ақмола облысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеретін бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы аймақ басшысы Марат Ахметжанов облыстық маслихаттың сессиясында мәлімдеді. Жиын барысында облыс әкімі өңір инфрақұрылымын жақсарту, жолдарды жөндеу, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету және басқа да маңызды мәселелер бойынша есеп берді.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Облыс әкімі Марат Ахметжанов облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында жуырда өткен Ұлттық Құрылтайдың маңыздылығына тоқталып, оның аймақты дамытудағы жаңа мүмкіндіктеріне басымдық берді. Өңір басшысы агроөнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылымдық даму салаларында бірқатар маңызды жобаның жүзеге асырылғанын жеткізіп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Мәселен, Қосшы қаласында халықаралық стандарттарға сай колледж ашу жоспарланып отыр. Бурабайда 1200 орындық жаңа Конгресс орталығының құрылысы қолға алынбақ. Бұл жоба аясында 3 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, биыл Көкшетауда Қазақстанда теңдесі жоқ көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы да басталады деп жоспарланып отыр. Оған 12,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Осы жобаларды жоғары деңгейде жүзеге асыру- басты міндет,- деді аймақ басшысы.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Басты біздің міндетіміз осы жобаларды жоғары деңгейде жүзеге асыру және өңіріміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Өңір өткен жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімін негізгі 5 көшбасшы қатарына кірдік. Ол бір өте қуанатын жағдай. Өткен жылы біз 113 пайызға дейін өсімге қол жеткіздік. Осы биыл агроөнеркәсібінде қолайлы жыл болды. Ол үшін маңызды бағыттар ретінде агроөнеркәсібін кешенін және индустриялдық секторды таңдап алынды. Оларға жалпы өңірлік өнімнің 43 пайызы тиесілі. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың отырысында жуық арада, 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімін жалпы өнімін 2 есеге, саладағы еңбек өнімділігін 3 есеге арттыруды міндеттеді.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Аймақта агроөнеркәсіп кешені мен ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше екпін берілмек. Биыл да жақсы көрсеткішке қол жеткізу үшін көктемгі егіс науқанын ойдағыдай өткізу мақсатында «Кең Дала-2» бағдарламасы аясында 65 млрд теңге бөлініп, 385 шаруа қожалығы қаржыландырылды. «Реновация» бағдарламасы аясында жергілікті 11 аймақта құрылыс жүргізілмек. Жол инфрақұрылымын дамыту да басты назарда. Былтыр 800 шақырым жол жөнделіп, оған 106 млрд теңге бөлінді. Биыл да бұл жұмыс жалғасады. Осы жылы 800 шақырым жолды жаңарту үшін 109 млрд теңге қарастырылып отыр.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Туризм саласы да өте маңызды. Бурабай курорты еліміздің туристік басым орталығы үштігіне кіреді. Қазіргі таңда Бурабай, Президент айтып кетті 140 млрд беріліп жатыр қаражат осыны ары қарай дамытуға. Жалпы жуық арада Бурабайда 60 млрд теңгеден астам қаражатқа инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады. Президент айтқандай облыстың табиғи және қасиетті объектілерін біріктіретін бірыңғай туристік кластер қалыптастырылады. Бұл тек қана Бурабай емес, Зеренді, Сандықтау, Ақкөл сияқты перспективалы аймақтарды дамыту қажет. Сонымен қатар биыл 20 мектепті ренновациялау жоспарланды. Яғни, күрделі жөндеу жүргізіледі. Біз оған 8,5 млрд бөліп отырмыз, және оны жабдықтауға 800 млн бөліп отырмыз. Сапалы және қолжетімді медицина халқымыздың денсаулығы мен байлығының негізі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы ауылдық жерлерде 28 медициналық мекемелер салынды. Ағымдағы жылы тағы онын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жеке инвестиция есебінен Көкшетау қаласында 630 төсек-орындық көпбейінді аурухана құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Аяқталу мерзімі кешегі жылдың аяғына дейін.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Аймаққа инвестиция тарту маңызды. Бұл жұмыс қашан да жіті бақылауда. Былтыр облыстың негізгі капиталына 563 млрд теңге тартылды, оның 60 проценті жеке инвестиция. Биыл жыл соңына дейін инвестиция көлемін 1 трлн. теңгеге жеткізу мақсаты қойылды. Сессия қорытындысында аудандық мәслихаттардың төрағалары аймақ басшысының жұмысына оң баға беріп, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы негізгі міндеттерді тағы бір пысықтады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ