ДИКТОР: Шымкентте каратэ-до шотоканнан Қазақстан Республикасының кубогы аяқталды. Оған еліміздің әр өңірінен жиналған 10 үздік команда қатысты. Солардың арасында Ақмола облысының да спортшылары бар.
РКС: Облыстан барған команда дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, табысты оралды. Спортшылар жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медальға қол жеткізді. Турнирге қатысқандардың бірі Аима Тереқұлова. Оның спорттың бұл түрімен айналысқанына сегіз жылдан асқан.
СНХ: АИМА ТЕРЕҚҰЛОВА, ЧЕМПИОНАТ ЖҮЛДЕГЕРІ: Бұған дейін мен көптеген қалалық, облыстық, тіпті халықаралық жарыстарға қатыстым. Соның бірі Қырғызстанда былтыр өтті. Ал бұл жолы Шымкенттегі жарыс Қазақстан Республикасының кубогы. Ол жерде бағым жанып бірінші, екінші және үшінші орындарды еншіледім.
РКС: Әр қатысушы сайыста өзін барынша көрсете білді. Спортшылар соның арқасында мықты нәтиже көрсетті,-дейді жаттықтырушылар. Қажырлы еңбектің марапаты да ерекше.
СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ, СПОРТТЫҚ КАРАТЭДЕН ҚР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Алдағы уақытта оқу-жаттығу жиыны өтеді астана қаласында содан кейін біздің спортшыларымыз Мәскеу қаласында өтетін әлем кубогына аттанады. Жалпы, біздің командамыздың нәтижесіне өте ризамын. Жақсы деңгейдеөз шеберліктерін көрсетті. Енді, жалпы осы жарысқа 10 облыстан мықты мықты деген спортшыларымыз келіп, осындай бәсекелестік өте жоғры деңгейде өтті. Соған қарамастан біздің балалар намсты қолдан бермей, өте дақсы нәтиже көрсетті.
РКС: Енді Ақмола облысының спортшылары алда тұрған маңызды халықаралық жарысқа дайындықты бастайды. Жақында Астанада оқу-жаттығу жиыны өтеді. Одан соң спортшылар каратэ-до шотоканнан өтетін әлем кубогына қатысу үшін Мәскеуге аттанады.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ