Негізгі Жаңалықтар Облыстық және аудандық жедел штабтардың бірлескен практикалық іс-қимылы

Облыстық және аудандық жедел штабтардың бірлескен практикалық іс-қимылы


ДИКТОР: Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақмола облыстық жедел штабы Щучье-Бурабай курортты аймағының аумағында «Ақпан-Антитеррор-2025» кең ауқымды антитеррорлық оқу-жаттығуларын өткізді. Жедел штабтың күштері мен құрылғыларын облыс орталығынан Щучинск қаласына жөнелтуге ерекше назар аударылды. Оқу-жаттығу мейлінше шынайылыққа жақын жағдайда өтті. Жеке құрам өзінің дайындығын нақты істе көрсетті. Практикалық іс-шара барысында барлық қызметтің өзара іс-қимылы пысықталды. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар барлық бөлімшенің дайындығы жоғары деңгейде екенін атап өтті. Үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде шартты бұзақылар бейтараптандырылып, ұсталды. Қатысушылар арасында зардап шеккендер болған жоқ. 

Бөлісу