ДИКТОР: "Көкшетау" Мәдениет Сарайында "Сән мен салтанат" облыстық сән фестивалі өтті. Оған облыстың аудандары мен қалаларынан дизайнерлер, сәнгерлер қатысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС:. Іс-шара Ұлттық киім күнін насихаттауға, бірегейлікті жандандыруға, дизайн мен көркемдік көріністі айшықтауға бағытталған. Сонымен қатар, ұлт мәдениетін қолдау және ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аудару.
СНХ: ӘЛИЯ ҚҰРМАНОВА, КӨКШЕТАУ "МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін біз ою-өрнектің, ұлттық киімнің қалай дамитынына, сақталатынына, үлкен насихаттың жүріп жатқанына куә болдық. Сіздер бүгін балалар костюмдері мен өз коллекцияларын қорғаған дизайнерлерді көрдіңіздер. Олар өте қызықты, креативті және заманауи киінген. Яғни біз күнделікті киюге болатын киімдерді көрсетті.
РКС: Фестивальға Жарқайың, Атбасар, Сандықтау, Есіл аудандары, Степногорск және Көкшетау қалаларынан дизайнерлер қатысты. Олар тарихи кейіпкерлер тақырыбына костюмдер, халықтық-тұрмыстық модельдер, сондай-ақ қазақы ою-өрнекті пайдалана отырып тігілген заманауи киімдерді көпшіліктің назарына ұсынды.
СНХ: ӘСЕМГҮЛ ОСПАНОВА, ДИЗАЙНЕР /СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ/: Бүгін ұлттық киім күніне орай Степногорск қаласынан өзіміздің топтамамызды алып келдік. Біздің топтамаға заманауи киімдер, әдеп-ғұрып киімдері үйлену тойының киімдері кіреді. Сол заманауи киімнің ішінде өзімнің осындай пиджагымды да алып келдім. Енді қазір барша қазақстандықтар біледі ғой Президенттің жолдауы бойынша біздің ұлттық киімді дәріптеу. Қазіргі заманда ұлттық киімді баршалары киетін шығар деп ойлаймын.
РКС: 4 кезеңнен тұрған фестивальдің қорытындысы бойынша барлық қатысушыға естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕЕРЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ