ДИКТОР: Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен волонтерлер су тасқынына қарсы белсенді жұмыс атқаруда. Қопа көлінде мұзды жару жұмысы жүргізілді. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Қопа көліндегі мұзды жаруға 25 үңгі бұрғы, 50 келі жарылғыш материал қолданылды. Бұдан бөлек, демалыс күндері 13 мың шаршы метр аумақта мың килограмға жуық жарылғыш зат пайдаланылып, Бұланды, Атбасар, Шортанды, Жарқайың және Есіл аудандарында да мұзды жару жұмыстары жүргізілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ӘДІЛЕТ РАҚЫМЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі конкурс жариялап, жеткізуші анықталды. «Көкше Тазалық» мердігерлік ұйымы. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі 200 мың текше метрдей қар шығарды. 50 шақырымдай арық тазартылды. Сондай-ақ, мердігерлік ұйым 10 мың текше метр инертті материал және 10 мың дана қап дайындады. Оның бәрң «Көкше Тазалықтың» аумағында тұр. Қала бойынша су тасқынының жағдайы тұрақты.
РКС: Сондай-ақ, ауа райының күрт жылынуына және көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған шараларға байланысты төтенше жағдай қызметінің мамандары балық аулаушыларға ескерту жасап отыр.
СНХ: АЛМАЗ БЕКБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ: Су тасқынына қарсы жұмыстардың аясында облыстың су айдындарында мұз жару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, бүгіннен бастап ауа райы күрт жылынады деген болжам бар. Сынап бағанасы 12 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты, балық аулаушыларға көктемгі кезеңде су айдындарындағы барлық қауіпсіздік ережесін сақтауды сұраймыз. Құтқару кеудешесін киіп, өзен-көлдердің ахуалын байқап отыру қажет.
РКС: Департамент қызметкерлері «Көктемге дайындық» акциясы барысында зейнеткерлерге, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына қар тазалау бойынша көмек көрсетеді. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар арықтарды және басқа да су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстарын күшейте түскен.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.